tomorrow was too late

#heute #бүгін #сегодня © Goethe-Institut Kasachstan

Сс, 28.06.2022

18.00 - 21.00

#heute #бүгін #сегодня

Қазақ-Неміс университетімен бірге (ҚНУ) Сізді мәдениет пен ғылымның тоғысқан тұсындағы қоршаған ортаны қорғау мен баянды дамудың алуан түрлі қырларына арналған tomorrow was too late // #heute #бүгін #сегодня атты іс-шараларымыздың үшінші бөліміне шақырамыз.

2022 жылдың 28 маусымында сағ. 18:00 DKU EVENT FORUM-да (ҚНУ, Б корпусы, Назарбаев даңғ. 173, Алматы) Батыржан Тергеусізов (Linde GAS Kazakhstan) пен Қайнарбек Керімқұловтың (АО «Almaty Electric Stations») баяндамаларын, қысқаметражды фильмдер топтамасын және Назираның DJ-әуенін қамтитын бағдарлама ауқымында бәріміз «Энергия және ресурс тиімділігі» тақырыбына пікір алмасамыз: «Баянды даму» тақырыбын өнерлік көзқарас және ғылыми тұрғыдан саралау қандай нәтижелер әкеледі? Бұл жолдар қандай мүмкіншіліктер ұсынады? Және олар тоғысқан кезде не болады?

Аталмыш іс-шаралар су қорларын басқару, ауаның ластануы, жердің тозуы, биоәртүрлілік, энергия тиімділігі, климаттың өзгеруі секілді тақырыптар бойынша халықаралық кеңесшілердің көмегіне жүгіне отырып қазақстандық сарапшылар дайындаған «Ертең кеш болды: Қазақстанның экологиялық тәуекелдері» атты кітаптың жарық көруінен басталған.

Бағдарлама
18:00 – Баяндамалар және пікір алмасу
19:00 – Қысқаметражды фильмдер топтамасының көрсетілімі
20:00 – DJ Назирамен сауық-кеші

Тіркелу: https://forms.gle/gW3PnDk4jdHvzhyn9  
 

Артқа