Көрме CLOUD COATING

CLOUD COATING © Rupert Jörg & Jianling Zhang

Жм, 08.07.2022 -
Жм, 15.07.2022

15.00 - 20.00

Нұр-Сұлтан

Cіздерді Нұр-Сұлтанда 8 шілде күні сағат 19:00 ашылып, 15 шілдеге дейін жалғасатын Cloud Coating көрмесіне шақырамыз.  
Cloud Coating көрмесінің авторлары – Мюнхеннен келген өнерпаздар Руперт Йорг пен Джанлинг Джанг. Өнер туындысының жарық көруіне жергілікті тұрғындардың Нұр-Сұлтан қаласындағы көрнекі ғимараттарға берген атаулары түрткі болған.
Қалада өткізген екі ай мерзімде қос өнерпаз сансыз жарқыраған қасбеттерге зер салып, олардың іс жүзінде нені бейнелейтіні туралы ой толғаған.
Видеоинсталляция адамдардың сол қасбеттермен жекелеген немесе ойдан шығарылған кездесулерін бейнелеп көрсетеді.
Ашылуы: 08.07.22. сағ. 19:00
Мекенжайы: «Астаналық» бизнес орталығы
11-қабат / 1105
Д. Қонаев көш. 33
Нұр-Сұлтан

 

Артқа