#heute #бүгін #сегодня
Сіздерді Қазақ-Неміс университетімен (ҚНУ) бірге мәдениет пен ғылымның тоғысқан тұсындағы қоршаған ортаны қорғау мен баянды дамудың алуан түрлі қырларына арналған
tomorrow was too late // #heute #бүгін #сегодня атты іс-шараларымыздың төртінші бөліміне шақырамыз.
2022 жылдың қыркүйек айының 9 жұлдызында сағ. 18:30 Қазақ-Неміс университетінде (Назарбаев даңғ. 173, Алматы) «Қазақстан қалаларындағы ауаның ластануы» тақырыбы төңірегінде жан-жақты пікір алмасуды ойлап отырмыз. Сұхбаттарды ҚНУ халықаралық істер және баянды даму вице-президенті Барбара Януш-Павлетта жүргізеді. Пікірсайыс орыс тілінде өтеді.
Қатысушылар:
- Елена Ерзакович, транспорт саясаты саласының сарапшысы, «Ертең кеш болды: Қазақстанның экологиялық тәуекелдері» кітабының ауа сапасына арналған бөлімінің соавторы,
- Мадина Хамитова, сәулетші және дизайнер,
- Анжела Кашаева, саябақтар жобалау ісінің маманы
- Ася Тулесова, экологиялық және азаматтық белсенді
Пікірсайыстан кейін DJ Назирамен өтетін құлаққапты сауық-кеште аталмыш тақырыптың электронды әуенде қалай көрініс табатынын тамашалауға болады.
Аталмыш іс-шаралар су қорларын реттеу, ауаның ластануы, жердің тозуы, биоәртүрлілік, энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі секілді тақырыптар бойынша халықаралық кеңесшілердің көмегіне жүгіне отырып, қазақстандық сарапшылар дайындаған «Ертең кеш болды: Қазақстанның экологиялық тәуекелдері» атты кітаптың жарық көруінен басталған.
Бағдарлама:
18:00 - ҚНУ халықаралық істер және баянды даму вице-президенті Барбара Януш-Павлеттаның сәлемдесу рәсімі
18:35 - 19:20 Пікірсайыс
19:45 - 21:00 DJ Назирамен өтетін құлаққапты сауық-кеш
Тіркелу
Артқа