2022 жылдың 16 - 18 қыркүйегі аралығында Jazz-Maqom музыкалық жобасының аясында Бішкекте бірнеше концерт өтеді.
Jazz-Maqom әуені – бұл Ұлы Жібек жолы елдерінде импровизацияны кеңінен қолдану арқылы орындалатын дәстүрлі вокалды-аспаптық саз бен джаз әуенінің қосындысы. Қос нақышты біріктірген жоба 16 қыркүйек күні Бішкекте тыңдарман қауымға қайталанбас ерекше акустика әлеміне ұю мүмкіндігін ұсынады.
Германиялық және франциялық музыканттар Өзбекстанда орын алатын алғашқы музыкалық резиденциядан соң ұлттық және классикалық джаз аспаптарында қырғыз әріптестерімен бірге ойнап, өнер көрсету үшін Қырғызстанға ат басын тірейді.
Концерттерді Қырғызстандағы Германия және Франция мемлекеттері Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстандағы Гёте-Институт пен Бішкектегі Француз Альянсы бірге ұйымдастырады. Бұл жоба 2021 жылы басталған мәденит саласындағы неміс-француз ынтымақтастығының жалғасы болып табылады.
Бағдарлама
| Күні |
Уақыты |
Өткізу орны |
| 16.09.22 |
19:00 |
Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз мемлекеттік филармониясы, Шу даңғ. 221 |
| 17.09.22 |
18:30 |
Қ.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерваториясы, Қ.Жантөшев көш.115 |
| 18.09.22 |
20:00 |
Chocos бар, Панфилов көш.125 |
Кіру тегін, тіркелу қажет емес.
Артқа