Құрметті әріптестер мен достар!
Сіздерді шын жүректен
10.10.2022 күні сағат 15:00-ге неміс тілінен қазақ тіліне аударылған балалар кітабының тұсаукесер рәсіміне шақырамыз.
Әдеби аударма екі елдің мәдениеті арасындағы алтын көпір іспетті. Гёте-Институттың негізгі бағыттарының бірі дәл осы, яғни әдеби аудармаға қолдау көрсету. Осы жолда соңғы уақытта біраз жобалар қолға алынып, заманауи неміс әдебиеті қазақ тіліне тікелей аударылып, жаңа оқырмандарына жол тартты. Мұндай кемелді іске қазақ баспаларының да ат салысуы қуанарлық жағдай. Осы жоба аясында бізбен серіктес болып кете жатқан Steppe&World баспасымен бірге назарларыңызға ортақ еңбегіміздің нәтижесін ұсынамыз.
Әрі осыған орай баспа қызметкерлері мен аударма шеберлерін және қазақ тілді оқырмандардың басын қосып, осы тақырып аясында пікірлеспекпіз.
Артқа