Пікірсайыс tomorrow was too late

#heute #бүгін #сегодня © Goethe-Institut Kasachstan

Бс, 13.10.2022

18.30 - 21.00

Almaty

Сіздерді Қазақ-Неміс университетімен (ҚНУ) бірге мәдениет пен ғылымның тоғысқан тұсындағы қоршаған ортаны қорғау мен баянды дамудың алуан түрлі қырларына арналған tomorrow was too late // #heute #бүгін #сегодня атты іс-шарамыздың бесінші бөліміне шақырамыз.
2022 жылдың қазан айының 13 жұлдызында сағ. 18:30 Қазақстандағы Гёте-Институттың кітапханасында (Наурызбай батыр көш. 31, «Premium» бизнес-орталығы, 5 қабат, 050000 Алматы) «Су ресурстары саласындағы заманауи сын-қатерлер және оларды шешу жолдары» тақырыбы төңірегінде жан-жақты пікір алмасып, экология тақырыбындағы қысқаметражды фильмдер көрсетеміз. Пікірсайыс орыс тілінде өтеді.

Қатысушылар:
  • Азамат Мадибеков, гидролог, География институты зертхана жетекшісі
  • Жанар Райымбекова, гидролог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD
  • Меерим Сейдакматова, ҚНУ «IWRM» бағдарламасының магистранты
Сұхбаттарды ҚНУ Су ресурстары және Климат жөніндегі бағдарламалардың үйлестірушісі Лариса Когутенко жүргізеді.

Аталмыш іс-шаралар су қорларын реттеу, ауаның ластануы, жердің тозуы, биоәртүрлілік, энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі секілді тақырыптар бойынша халықаралық кеңесшілердің көмегіне жүгіне отырып, қазақстандық сарапшылар дайындаған «Ертең кеш болды. Қазақстанның экологиялық тәуекелдері» атты кітаптың жарық көруінен басталған.

Тіркелу: https://forms.gle/M2mBSCKEsUfKCLpX9

Артқа