Құрметті неміс тілі мұғалімдері!
Біз сіздерді офлайн (жүзбе -жүз) форматта болатын
Неміс тілі мұғалімдерінің 2022 жылғы құрылтайына шақырамыз.
Неміс тілі мұғалімдерінің құрылтайы
2022 ж. 26- және 27 –қарашада, Алматы қаласында , Қазақстандағы Гёте-Институтта болады.
26.11.22: сағ. 14:00 – 18:00
27.11.22: сағ. 10:00 – 18:30
Жұмыс тілі – неміс тілі
Тақырыбы: «Неміс тілі жастарға»
Сіздерді біздің референттер жетекшілік ететін көптеген қызықты семинарлар мен воркшоптар күтуде.
Бұл жиынға неміс тілі шет тілі ретінде оқытылатын Қазақстан және Қырғызстан мектептері мен жоғары оқу орындарының басшылық өкілдері мен неміс тілі мұғалімдері шақырылады.
Қатысу үшін өтінімді жеке бас мәліметтерімен бірге (аты, фамилиясы, E-Mail, ұялы телефон номері, жұмыс орны, лауазымы көрсетілу керек)
2022 ж. 13- қарашаға дейін Анне Мельник ханымға
anna.melnik@goethe.de жіберу керек.
Қазақстандағы Гёте-Институт қатысушылардың жол шығынын өтейді (ара қашықтыққа байланысты поезд не ұшақ). Алматы қаласында қонуға байланысты шығын өтелмейді, сондықтан туыстарыңыз не достарыңызда қону мүмкіндігі болса, не шығынды өзіңіз төлей алсаңыз, онда біз сіздерге шақыру жіберуге дайынбыз.
Келіңіздер, қатысыңыздар!
Артқа