Пікірсайыс tomorrow was too late

#heute #бүгін #сегодня © Goethe-Institut Kasachstan

Бс, 19.01.2023

18.30 - 21.00

Almaty

#heute #бүгін #сегодня

Құрметті Гёте-Институт достары,
құрметті ханымдар мен мырзалар,
сіздерді Қазақ-Неміс университетімен (ҚНУ) бірге мәдениет пен ғылымның тоғысқан кезінде Қоршаған ортаны қорғау мен Тұрақты дамудың түрлі аспектілеріне арналған tomorrow was too late // #heute #бүгін #сегодня атты іс-шарамыздың алтыншы бөліміне шақырамыз.
2023 жылы қаңтар айының 19 жұлдызында сағ. 18:30 Қазақстандағы Гёте-Институттың кітапханасында панельді пікірсайыс аясында Тұрақты даму тақырыбын және Қоқысты сұрыптаудың кейбір практикаларын кеңірек талқылайтын боламыз. Пікірсайыс орыс тілінде өтеді.

Қатысушылар:
- Екатерина Горшкова, ЮНЕСКО-ның Су ресурстары жобасының эксперті, ҚНУ
- Салтанат Аширова, Қазақстандағы Гёте-Институтының Тұрақты даму жайындағы маманы
- Александр Андрийчук, тәуелсіз сарапшы, Ресей
- Айбек Рахим (директор) мен Арыстан Балтабай (жоба менеджері), ECOSEN-нің қоқысты қайта өңдеу жөніндегі экологиялық жоба мамандары

Сұхбатты ҚНУ Жасыл бизнес лабараториясының жетекшісі Инна Матвеенко жүргізеді.

Іс-шараның негізгі мүддесі - қазақстандық сарапшылар мен шетелдік халықаралық кеңесшілер қатысуымен дайындалған, су қорларын реттеу, ауаның ластануы, жердің тозуы, биологиялық әралуандылық, энергия тиімділігі мен климаттың өзгеруі секілді тақырыптар жайындағы «Ертең кеш болады. Қазақстандағы экологиялық рисктер» атты кітаптың басылуына арналады.

Бағдарлама:
18:30 – 18:40 ҚНУ Жасыл бизнес лабараториясының жетекшісі Инна Матвеенко мен Қазақстандағы Гёте-Институты директорының орынбасары Марек Грыглевичтің сәлемдесуі
18:40 – 19:30 – Панельді пікірсайыс
19:30 – 19:45 – Кофе-брейк
19:45 – 20:00 – Пікірсайыс жалғасы
20:00 – 21:00 – Қоқысты сұрыптау/воркшоп
Тіркелу: https://forms.gle/8DYPAXcQ3pE7BSog8

Артқа