Бішкектегі неміс, француз және қырғыз музыканттарының концерті

Konzert in Bischkek  

Сн, 21.01.2023

18.30 - 21.00

Бішкек

Концерт неміс-француз достығына, сондай-ақ Германия мен Францияның Елисей шартына қол қойғанына 60 жыл толуына арналады*

2023 ж. 21 қаңтар сағат 18:30 Сатылғанов атындағы мемлекеттік филармонияның үлкен залында неміс, француз және қырғыз музыканттарының концерті өтеді.
Оған виолончельші Флориан Шмидт-Барта (Германия) мен скрипкашы Матис Рошат (Франция) және Рахатбек Осмоналиев жетекшілік ететін Асанхан Джумахматовтың  мемлекеттік симфониялық оркестрі қатысады.

Концерттен басқа 23 қаңтарда Молдобасанов атындағы Ұлттық консерваторияда  музыканттар студенттерімен воркшоп өткізуді жоспарлауда.

Концертті Қазақстандағы Гёте-Институты Қырғызстандағы Германия елшілігі мен Францияның Қырғызстандағы елшілігінің, сондай-ақ  Бішкектегі Француз Альянсының қолдауымен ұйымдастырды.
Кіру тегін.

*Елисей шарты– Франция мен Германия арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісім-шарт, оған 1963 жылы 22 қаңтарда Париждегі Елисей сарайында Франция президенті Шарль де Голль мен Германия канцлері Конрад Аденауэр қол қойған. Осы шартқа қол қою арқылы екі ел ғасырлар бойы жалғасқан бақталастыққа нүкте қойып, қарым-қатынастың жаңа негізін қалады.

2021 жылы Бішкектегі Француз Альянсы мен Қазақстандағы Гёте-Институт Қырғызстанда мәдени жобаларды жүзеге асыру мақсатында серіктестік орнатты. Франция мен Германия Еуропа аясында және одан тыс жерде бейбітшілік, диалог, алуан түрлілік идеяларын жақтайды. Халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қадам басқан Франция мен Германия осы институттармен бірге Еуропаның мәдени болашағын қалыптастырып, бейбіт қатар өмір сүруге үлес қосуда.

Артқа