Фильм Теңіз түбіндегі қазына мен детективтер

Құрметті неміс киносын сүйер қауым!
Сіздерді 10 ақпан 2023 ж. жұма күні сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште жас детективтер жайлы шытырман оқиғаға толы «Теңіз түбіндегі қазына мен детективтер» атты көркем фильмі көрсетіледі.

Фильмнің ұзақтығы: 91 мин.
Жанры: комедия, шытырман, экшн
Режиссері: Кристиан Тееде
Фильм неміс тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі
Кіру тегін.

Мазмұны:
Жазғы демалыс кезінде 12 жасар Алиса солтүстік Ирландиядағы досы Тарунға қыдырып барады. Тарунның анасы Ясвиндер теңіз зерттеуші ғалым. Ол өзінің зерттеу кемесінің бортынан із-түссіз жоғалып кетеді. Алайда оның ұлы Тарун жас детективтер тобындағы Алиса,  Джони, Кларисса және Ханнамен бірге анасын құтқаруға бел буады. Тергеу барысында қоқыс жинаушы Роберт Флекманн күдікке ілінеді.

 

Артқа