Фильм «Жоқтан бар жасау»

Aus dem Nichts  

Жм, 24.03.2023

18.30 - 20.30

Almaty

Құрметті неміс киносын сүйер қауым!
Сіздерді 24 наурыз 2023 ж. жұма күні сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште «Жоқтан бар жасау» (Германия / Франция, 2017) атты криманалды драма көрсетіледі.

Режиссёр: Фатих Акин
Фильмнің ұзақтығы: 106 мин.
Рөлдерде: Дайан Крюгер, Денис Мошитто, Йоханнес Криш, Ульрих Тукур, Нуман Акар ...
Фильм неміс тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі.
Кіру тегін.

Фильмнің сипаттамасы:
Катя  түрік-курд текті күйеуі Нуримен студент кезінде танысқан. Ол кезде Нури наша сататын еді. Ол кейін түрмеге түсіп, сол жерде бизнес менеджментті оқып алып, кейін Катяға үйленеді. Отбасы 5 жасар ұлдарын өсіріп, бақ пен берекеде ғұмыр кешіп жатқан. Бір күні кешке Катя күйеуі мен ұлын алып кетуге келген сәтте Нуридың кеңсесінің алдында қолдан жасалған бомба жарылады. Әкелі-балалы екеуі де қаза табады. Катя ұлын Нуриға қалдырған кезде чемодан артқан велосипедін қойып жатқан әйелді есіне түсіреді. Бомба чемоданда болған еді. Катя ксенофобиялық негізді жоққа шығармайды. Себепті өткен шақтан іздеген полиция тергеуді Нуридың бұрынғы ортасына қатысты жүргізеді. Әйтсе де олар бір нацист жұпты ұстап, тұтқындайды. Катя велосипедті әйелді таниды. Мәселе сотқа жетеді. Қорғаушы юристік айлалар мен жалған мәлімдемелердің көмегімен террористік жұпты ақтап алуға қол жеткізеді. Енді Катяны ештеңе де тоқтата алмайды, оның қалағаны – кек!      

Артқа