Көрме Соғыс тұманы

Соғыс тұманы  

Жк, 02.04.2023 -
Жм, 21.04.2023

12.00 - 20.00

Almaty

"Соғыс – күмәнді дүние аумағы: соғыс әрекеттеріне негіз болған нәрсенің төрттен үш бөлігі беймәлімдік тұманына оранған", -  Карл фон Клаузевиц, соғыс жайлы (1816-30)

Аймағымыздағы елдердің  барлығы дерлік соңғы жылдары қарқыны әртүрлі соғыс жағдайында болды.  

Әскери қимылдардың өзара айыптаумен сабақтасып отыратыны сөзсіз, сондықтан ақиқатты түк көрінбейтін тұман ішінен таба алмай қаласың. Бірақ, бәрінен бұрын, адамның басына түсер шексіз бейнеті артып кетеді.

Өзінің «Соғыс жайлы трактатында» Кант соғысты бейбіт өмірге кепіл бола алатын  «республика конституциясына» қарама-қарсы қояды, өйткені азаматтар «соғыс тауқіметін» өздері шеше алатын болса, олардың ондай «жаман ойынды» бастау, бастамауы екіталай.

Әйтсе де қоғамдардың көбі, өздерінің бар мақтаулы пацифизмдеріне қарамастан, минималды қорғаныс әлеуетін қолдаудың қажеті жоқ па еді деген сауалға жауап іздейді.

Сонымен қатар әлдеқашан ұмыт болған жанқиярлық, Клаузевиц халық соғысы деп атаған украиналық аумақтық қорғаныс мысал бола алатын азаматтық батылдық не отансүйгіштік сияқты жақсы қасиеттер қайта жаңғыруда. Және соңғы уақытқа дейін уытты ерлік саналып келген нәрсе енді батырлық болып саналады.

көрме туралы

“Соғыс тұманы” көрмесін Еуропалық Одақ өкілдігінің қаржылай қолдауымен, 36-ҮЙдің қолдауымен Қазақстандағы Гёте-Институт ұйымдастырып отыр.
Жоба Әзербайжан, Украина, Қазақстан, Норвегия, Нигерия, сол сияқты Германия суретшілерін соғыс қасіретіне өте субъективті қарауға мүмкіндік беретін бір көрмеге топтастырады. Әңгіме тек деректі стратегиялар жайлы дегеннен гөрі, адамның күйін түсіну, яғни, Андреас Грифиус, Отыз жылдық соғыс оты өршіп тұрған кезде, өзінің  «Отанның көз жасы» сонетінде жоқтау айтатын «қаншама адамнан тартып алынған жан қазынасы» жайлы деген жөн.

Суретшілер тіпті өнердің символикалық патшалығында Вальтер Беньяминнің  Пауль Клеенің “Жаңа періште” ("Angelus Novus") атты суретіндегі періштеге жалбарынуы сияқты «өлілерді тірілтіп, қираған дүниені қалпына келтіріп» жетістікке жетулері мүмкін.

Біз, мәдени институт ретінде, болып жатқан жағдайды талдап, түсіндіріп беруді саясаткерлердің, генералдар мен журналистердің билігіне сатып бергіміз келмейді, оны, соғыс тұманы сәл де болса сейілер деген үмітпен, өнердің сатылмайтын назарына ұсынғымыз келеді.

суретшілер

Каро Акпокире, Нигерия / Германия
Верена Иссель, Норвегия / Германия
Франк Тиль, Германия
Никита Кадан, Украина
Мария Куликовская, Украина
Дмитро Козацкий, Украина
Сипа Лабахуа / Леван Варази, Грузия
Алмагүл Меңлібаева, Қазақстан / Германия
Сабина Шихлинская, Әзірбайжан
Сәуле Сүлейменова, Қазақстан
Ербосын Мелдібеков, Қазақстан

КУРАТОР

Альфонс Хуг, Гёте-Орталығы Баку


Ашылуы

01.04.2023 ж.
18:00

Сипаттама

Артқа