Гёте-клуб
Құрметті Гёте-клуб достары,
ойын ойнауға қалай қарайсыздар?
Ғалымдардың тұжырымдауынша шет тілін тиімді меңгеру үшін, тек рациональды ойлау жеткіліксіз. Керісінше, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болуы тиіс. Ойын ойнау барысында шаттанып-қуанамыз! Ал бұл – тілді жақсы меңгеруімізге ықпал етеді! Ендеше келесі Гёте-клубта ойын ойнауға шақырамыз! Бізбен бірге ойын ойнап, неміс тілін жаттықтырыңыз! Біз сізді осы жұмада Гёте-Институтында (Наурызбай батыр көшесі 31, Алматы қ.) көретінімізге қуаныштымыз.