Фильм Еркін ел
Құрметті неміс киносын сүйер қауым!
Сіздерді 07 сәуір 2023 ж. жұма күні сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште шытырман оқиғаға толы «Еркін ел» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Фильмнің ұзақтығы: 128 мин.
Жанры: триллер
Режиссері: Кристиан Альварт
Фильм неміс тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі
Кіру тегін.
Мазмұны:
Шығыс Германия, 1992 ж. жарқын болашаққа деген еміс-еміс үміт шырағы дала кезіп жүр. Дегенмен күн өткен сайын көңіл қалып барады. Неміс жеріндегі шыңылтыр қыспен қоса, наразылық та күн сайын өсіп келе жатқан кез. Шалғайда жатқан елді-мекенде апалы-сіңлілі қыздардың із-түссіз жоғалуы – болмысы екі түрлі қос тергеушінің басын қосады. Әуелден ақ мәселенің мәні анық сияқты көрінген: көршілердің мардымсыз жауабына сенсе, олар батысқа қашқан болар. Расында, құрдымға кетіп бара жатқан елден, кім қашпайды?
Қос тергеуші Штайн (Тристан Пюттер) мен Бах (Феликс Крамер) жасөспірім қыздардың жоғалуына байланысты жақ ашпаған жұрттың бейқамдығына бас шайқасады. Тіпті жергілігті қылмысты іздестіру басшылығының да бұрынғы із-түссіз жоғалған қыздарды табуға құлқы жоқ. Алайда денесінде ауыр жарақаты бар екі қыздың мәйіті табылған кезде, Штайн мен Бах бірнеше кісі өліміне себепкер қауіпті ортаға тап болғандарын түсінеді.