Воркшоп Керемет шұлықтар!
22 сәуір сенбі күні сағат 15:00-де Қазақстандағы Гёте-Институтта тіл ассистенттері «Керемет шұлықтар!» атты іс-шара өткізеді.
Қарағандылық тіл ассистенті Катарина Шайбле Алматыдағы Гёте-Институтқа келіп, 90 минуттық шеберхана барысында ескі шұлықтан сүйкімді қуыршақ жасау жолын көрсетеді. Сонымен бірге воркшопқа қатысушылар қайта өңдеудің маңызды аспектілерімен, және Fast-Fashion-ның (жылдам сән) өзекті мәселесімен де танысады.
Іс-шара неміс тілінде жүргізілетіндіктен, аталмыш семинарға тіл деңгейі А2-ден жоғары барлық қызығушылар шақырылады. Балалар 8 жастан бастап ата-аналарымен бірге қатысады, өйткені бұл жоба барлық жас топтарына арналған.
Қатысу тегін!
Назарларыңызға! Әрбір қатысушы семинарға таза ескі шұлық және көтеріңкі көңіл-күй ала келуі керек!