Мамандықтар онлайн-марафоны «Quest:Karriere»

Дс, 17.04.2023 -
Сн, 22.04.2023

Online

2023 жылғы 17 - 22 сәуір аралығында бір апта бойы Гёте-Институттың «Quest:Karriere» мамандықтар  онлайн-марафоны өтетін болады. Оған қатысу үшін  14-18 жастағы дигиталды технологиямен байланысты заманауи мамандықтарға қызығушылық танытатын  жастарды шақырамыз.
 
Дүйсенбіден жұмаға дейін марафонға қатысушылар «KIDS interactive» атты неміс дигиталды агенттігінің күнделікті кәсіби өмірінен  онлайн-квест форматында мәлімет ала алады: олар бір өнімді шығару идеясынан бастап, концепция мен монтаж, графика, анимация, видеопродакшн мен бағдарламалауға дейінгі жолымен жүре отырып, дауыс беру арқылы соңғы нәтижелерге әсер ете алады.  
 
2023 жылғы 22 -сәуір, сенбі күні, Германия уақыты бойынша сағ. 10:00 -нан 15:00-ге дейін  онлайн-квест қорытындылары  мен дайын өнімді  Гёте-Институттың  YouTube-арнасындағы тікелей трансляцияда «KIDS interactive»  агенттігінің неміс сарапшылары таныстырып өтеді және түсініктеме береді.  Германия мамандарынан басқа бұл іс-шарада қазіргі таңда Германияда оқып жатқан немесе оқып кеткен Грузия, Қазақстан, Өзбекстан мен Украина студенттері де қатысады. Сарапшылар мен студенттер трансляция жүргізушісімен байланыста болып, өздерінің оқу және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Тікелей трансляция кезінде көрермендердің  сұрақтарын мамандар мен студенттерге Telegram арқылы қоюға мүмкіндіктері бар.  
 
Онлайн-квест Telegram-да және тікелей  трансляция неміс, қазақ және орыс тілінде   өтетін болады. 

Қатысу үшін

Бұл жобаны Германия  Федералды сыртқы істер министрлігі  қаржыландырады.

Auswärtiges Amt © Auswärtiges Amt

 

Артқа