Фильм Гитлер қызғылт қоянды алып қойғанда

Құрметті неміс киносын сүйер қауым!
Сіздерді 21 сәуір 2023 ж. жұма күні сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште шытырман оқиғаға толы «Гитлер қызғылт қоянды алып қойғанда» атты көркем фильмі көрсетіледі (Германия, 2019).

Фильмнің ұзақтығы: 119 мин.
Жанры: драма
Режиссері: Каролине Линк
Фильм неміс тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі
Кіру тегін.

Мазмұны
Берлин, 1933 жыл: Анна Кемпер тоғызға  толған жылы оның өмірі күрт өзгерді. Нацистердің қудалауынан құтылу үшін әкесі Цюрихке қашуға мәжбүр. Іле-шала отбасы да оның соңынан ереді. Анна бәрін, тіпті, сүйікті ойыншығы қызғылт қоянды да тастап кетуге, сырт елде жүріп, түрлі қиындық пен қатерге толы жаңа өмір сүруге мәжбүр болады.
 



 

Артқа