Ақпараттық іс-шара Нордхаузен университетінің президенті, профессор, доктор Йорг Вагнермен кездесу

25.04.2023, сағ. 16:00 – 17:00, Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасында Германиядағы Нордхаузен Университетімен университет президенті проф. доктор Йорг Вагнер таныстырады.
Сонымен қатар проф. доктор Вагнер университетте білім алу жайлы сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.

Нордхаузен Университеті – жоғары білім беретін тамаша орын.
Университет профессорлары экономика,  оқытушылық, ғылыми-зерттеу және өндіріс саласында тәжірибелері өте мол, әрі олар студенттердің өз әлеуеттерін  ашуына, білімдері мен мүмкіндіктерін кеңейтуіне көмектесуге әрқашан дайын. Сондай-ақ Нордхаузен қаласында баспананы жалға алу мен өмір сүруге қажет шығындардың әлдеқайда арзандығы осы университетте білім алуды қолжетімді етеді.

Университет сабақтан тыс түрлі халықаралық іс-шараларды, мысалы аймақ ішінде және одан тыс жерлерге саяхат,  экскурсиялар, фестивальдар және халықаралық кездесулер ұсынады.
Көктем уақытында Нордхаузен университетінде халықаралық жобалар апталығы өтеді, ол университет кампусында көп мәдениетті атмосфераны қалыптастырады және Тюрингия солтүстігіндегі ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі болып табылады.


 

Артқа