Фильм Менің соңым, сенің бастауың

Құрметті неміс киносын сүйер қауым!
Сіздерді 05 мамыр 2023 ж. жұма күні сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште «Менің соңым, сенің бастауың» (Германия, 2019) атты драмалық махаббат хикаясы көрсетіледі.

Режиссёр: Марико Миногути
Фильмнің ұзақтығы: 111 мин.
Фильм неміс тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі.
Кіру тегін.

Фильмнің сипаттамасы: Жаңбырлы күні Нора (Саския Розендаль) мен Арон (Юлиус Фельдмайер) метрода кездесіп, бір-біріне бір көргеннен ғашық болады. Нора бұл жағдайды кездейсоқтық деп санаса, Арон бұйрық деп сенеді. Алайда Арон кенеттен өмірден озып, Нора үшін өмір тоқтап қалғандай көрінді. Қайғысын баспақ болған ол, Натанмен (Эдин Хасанович) бір түн өткізеді. Бұл кездейсоқ жағдай оның өмірінде қайталана береді. Натан оған қолдау білдіре алды. Нораға ол, бұрыннан таныс адамдай көрінді, бірақ оларды не байланыстыратынын түсіне алар емес...



 

Артқа