Фильм Біртүрлі мысық

Құрметті неміс киносын сүйер қауым!
Сіздерді 19 мамыр 2023 ж. жұма күні сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште «Біртүрлі мысық » (Германия, 2013) атты фильм көрсетіледі.

Режиссёр: Рамон Цюрхер
Фильмнің ұзақтығы: 72 мин.
Фильм неміс тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі.
Кіру тегін.

Фильмнің сипаттамасы:  
Күздің сенбілік бір күнінде Карин мен Симон, Кариннің ата-анасы мен сіңлісі - Клараның үйіне қонаққа барады. Отбасылық отырыста әдетте басқа да туыстар бой көрсетіп жатады. Олар күнделікті өмірімен бөлісіп, бірге дастархан жайып жатқанда, бөлмедегі ит пен мысық ары-бері жүрумен әлек. Олар да оқиғаның ортасына еніп, барған сайын табиғи болмысынан тыс күйге түсе бастайды. Осылайша отбасылық драма, ертегі мен ана психограммасы арасында өзге әлем ашылады.


 

Артқа