Фильм МЕН КІММІН

Кешкі көрсетілім

Құрметті неміс киносын сүйер қауым!
Сіздерді 16 маусым 2023 ж. жұма күні сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште «МЕН КІММІН» атты криминалды драма көрсетіледі.

Режиссёр: Баран бо Одар  
106 мин., Германия, 2014 / 12+ 
Рөлдерде: Том Шиллинг, Элиас ЭмБарек, Вотан Мёринг, Антуан Монот және т.б. 
Фильм неміс тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі.
Кіру тегін.

Фильмнің сипаттамасы:
Беньямин ешкімнің көзіне түспейді, басқан ізі білінбейді. Бірақ бұл жайт харизмалық қасиет тән Макспен танысқан кезде жылдам өзгереді. Екеуі екі түрлі адам болса да, оларда ортақ қызығушылық бар: бөтен компьютерлерге бұзып кіру. Отпен ойын басталады, ал оттың өртейтіні бесенеден белгілі.      

Артқа