Фильм Тони Эрдманн
Кешкі көрсетілім
Құрметті неміс киносын сүйер қауым!Сіздерді 30 маусым 2023 ж. жұма күні сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште «Тони Эрдманн» атты трагикомедия көрсетіледі.
Режиссёр: Марен Аде
162 мин., Германия, 2016
FSK 12
Рөлдерде: Петер Симонишек, Сандра Хюллер, Михаэль Виттенборн, Томас Лойбль ...
Фильм неміс тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі.
Кіру тегін.
Фильмнің сипаттамасы:
Үйде тыныш отырмаса да, зейнеткерлікке шыққан музыка мұғалімі Винфрид Конрадидің жалғыздықтан жаны құлазиды. Әсіресе, кәсіпкерлік саласындағы кеңесші қызметінде шет елде жүрген қызы есінен шықпай, уайымға салады. Иті өліп қалған соң Винфрид Инесті көру үшін аяқ астынан Бухарестіге аттанады. Бірақ Инес келе сала өзінің өмірі мен қызметіне араласып, күлкілі киімімен жұрт алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырып, қажеттілік туса, тіпті алаяқтың да кейпіне ене қалатын әкесіне тым қуана қоймайды. Бұл әке мен қыздың қарым-қатынасы туралы ерекше трагикомедияның көңіл толқытар жері – екі жақтың та әрекеттері өзінше түсінікті болуға құқылы. Ал көңілге жұбаныш ұялатары – қайшылықтар екеуін бір-біріне жақындата түседі.