Фильм Гуд бай, Ленин!

Кешкі көрсетілім

Қымбатты достар,
біз сіздерді жұма күні 11 тамыз 2023 ж. сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште «Гуд бай, Ленин!» атты көркем фильмі көрсетіледі (Германия, 2003 ж.).

Режиссер: Вольфганг Беккер
Рөлдерде: Даниель Брюль, Катрин Засс, Чолпан Хаматова.
Фильм неміс тілінде.
Титр орыс тілінде.

Қысқаша мазмұны: Шығыс Берлин 1989 жылдың күзі. Александр Кербердің анасы жүрек талмасынан комаға түседі. Бұл Берлин қабырғасының құлауына тұспа-тұс келеді.1990 жылдың жазында ол аурудан есін жияды, бірақ дәрігер кез-келген қобалжу әйел үшін өлімге әкелуі мүмкін деп қатаң ескертеді. Сондықтан Алекс анасы құдайдай сенген Германияның Біртұтас Социалистік Партиясының жойылғанын одан жасырып бағады. Анасына жаны ашыған Алекс достарымен бірлесіп „ГДР-дың дәурені әлі де жүріп тұр“ деп жалған айтады. Алайда, бұл көзбояушылық шындықты ұзақ жасыра алмады. Фильмде ГДР-дың соңғы күндері, күнделікті өмірдегі өзгерістер, құндылықтардың мәні мен өмірге деген көзқарастар жайлы баяндалады. 

Артқа