Фильм Клео
Кешкі көрсетілім
Қымбатты достар,біз сіздерді жұма күні 18 тамыз 2023 ж. сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште «Клео» атты көркем фильмі көрсетіледі (Германия, 2019 ж.).
Режиссер: Эрик Шмитт
Фильм неміс тілінде.
Титр орыс тілінде.
Кіру тегін.
Қысқаша мазмұны:
«Қаладағы әр тастың астында көмілген қазына бар» - бұл Клеоның бала кезінен ұраны. Бірге қазына іздеген әкесінің қазасынан кейін, ол арман қууды қоймақ боп шешеді, алайда, оның өмір жолында өте арманшыл Пауль кезігеді. Оның қолында аттары аңызға айналған ағайынды Засстың құпия қазына картасы бар екен, тіпті олар Веймар Республикасы заманының сейфтерін ашып, уақытты кері айналдыратын сиқырлы сағатты иемденіп алған дейді.
Бұл Берлиндегі ең қызықты қазына іздеу болмақ, оның барысында Клео өткен заманда өмір сүрген адамдарды, Марлен Дитрихті, Генрих Шлиманды (Трояны ашқан, Клеодан бетер қазына іздеуші болған) және Альберт Эйнштейнді де, оның ролін Hobbythek ғылыми телебағдарламасының әйгілі жүргізушісі Жан Пютц сомдайды, кездестіреді. Олар Клеоға жақсы кеңес береді. Тамаша әзіл мен қызықты кейіпкерлерге толы „Клео“ фильмі ең алдымен өткен уақыт қатпарлары қалың, ел астанасы Берлин қаласына деген сүйіспеншілікке толы, ойнақы әрі романтикалық ертегі сияқты.