Фильм Гундерманн

Кешкі көрсетілім

Қымбатты достар, біз сіздерді жұма күні 15 қыркүйек 2023 ж. сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. 
Бұл кеште «Гундерманн» атты музыкалық фильм көрсетіледі (Германия, 2018 ж.).

Режиссер: Андреас Дрезен
Фильм неміс тілінде.
Субтитр: орыс тілінде

Қысқаша мазмұны: «Гундерманн» - режиссер Андреас Дрезеннің 2018 жылы ақын Герхард Гундерманн туралы түсірген өмірбаяндық, әрі музыкалық фильмі. Сценарийін жазған Лайла Стиллер, басты рөлді Александр Шеер сомдаған. Фильм  алғаш рет неміс кинотеатрларында 2018 жылдың 23 тамызында жарыққа шықты. 2019 жылы German Film Awards байқауында «Гундерманн» „ең сәтті фильм атанып, бірнеше марапатқа, атап айтқанда «Үздік көркем фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік жетекші актер» марапатына ие болды.

Артқа