Фильм Үнсіз әлем

Кешкі көрсетілім

Қымбатты достар,
біз сіздерді жұма күні 29 қыркүйек 2023 ж. сағ.18.30  Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз. Бұл кеште «Үнсіз әлем» атты фильм көрсетіледі (Германия, 1996 ж.).

Режиссер: Каролине Линк
Фильм неміс тілінде.
Титр неміс тілінде.


Лараның ата-анасы туғанынан саңырау. Сондықтан ол жастайынан жауапкершілікті өз мойнына алуға мәжбүр болды. Мектеп бітіргеннен кейін Лара өзі туып-өскен бавариялық шағын қаланы тастап, музыкант болу үшін Берлинге кеткісі келеді. Бұл шешім оның әкесі екеуінің арасында үлкен кикілжің тудырады, анасының өлімі жағдайды одан әрі шиеленістіре түседі.
 

Артқа