Ақпараттық іс-шара #білімтрансфер
Кездесу
Құрметті достар,кітапты, заттар мен киімдерді ғана емес, сондай ақ білімді де бөлісуге болатынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді 6 қазан күні сағат 18:00-де біздің кітапханада кездесіп, пікірлесуге шақырамыз!
Қызығушылық танытқандар Қазақстандағы Гёте -Институт қызметкерлерімен, басқа да серіктестерімізбен кездесіп, олардың түрлі қызметі мен қызықты жұмысы жайлы, Қазақстан мен Германиядағы заманауи мәдени сахна, тіл үйрену мен білім алу, кітапхана, виртуалды технологиялар, жасанды интеллект, мұра мен естелік, тұрақтылық пен климат, постколониализм және т.б. тақырыптар аясында сұрап-білуге мүмкіндік ұсынбақпыз.
Біз өз білетінімізбен бәріңмен бөлісіп, сондай ақ сендердің де айтар ой-пікірлеріңді қуана тыңдаймыз. Осылай бір-бірімізден үйреніп, білгеніміз бен білмейтінімізді бөлісіп, сарапшылармен сұқпат кезінде жаңа ақпарат алып, бірге талқылағымыз келеді. Келіңіздер, қуана күтеміз!
Кездесуге қалай қатысуға болады:
1. Төмендегі сілтемеге өтіп, 04.10.23 дейін сауалнаманы толтыруды өтінеміз: https://forms.gle/99X2JNvzcfGbdfSS6
2. Әрқайсыңды кездесуге арнайы хатпен шақырамыз.
Өзара білгенімізбен алмасып, пайдалы дағдыларымен бөлісейік! Мүмкін осындай қарым-қатынасымыз арқасында жаңа да, қызықты жобалар пайда болып қалар?