Decolonial Encounters
Құрметті достар,
Сіздерді «(Dis)solutions» (Dis) байламдар) жобасы аясында Гёте-Институт ұйымдастыратын желілік кездесуге шақырамыз. Ол өнердегі, мәдениеттегі және азаматтық қоғамдағы постколониалдық тәжірибеге бағытталған және Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Шығыс Еуропа және Балтық елдеріндегі әртүрлі маргиналды топтарға үн қосады. Пост және деколониялық дискурстар бүгінде бұрынғыдан да қарқынды жүргізілуде. Бұл пікірталастар жаңа болмаса да, Ресейдің 2022 жылғы Украинаға қарсы кең ауқымды «посткеңестік» кеңістіктегі отарлықты одан әрі талқылауға күшті серпін берді.
«(Dis)solutions» жобасының бір бөлігі ретінде алты мақсатты елдің алты сарапшысы нақты өз қоғамының отарлықта өткені мен бүгіні қалай келісімге келетіні туралы зерттеу жүргізді. Бұл нәтижелер картаға түсірудің бөлігі болып табылады, әрі желіде жарияланады және Алматыдағы аудиториямен бірге талқыланады. Жобаны Украина, Қазақстан, Эстония, Румыниядағы Гёте институттары, сондай-ақ Еревандағы Гёте орталығы жергілікті сарапшылармен бірлесіп ұйымдастырады.
Картаны зерттеушілер мен практиктер : Камила Смағұлова (Қазақстан), Тигран Амирян (Армения), Овидио Тичинделеану (Молдова), Эльмира Ногойбаева (Қырғызстан), Лиа Достлиева (Украина) және Мари Пигель (Эстония) ұсынады. Оларға Аида Әділбек (DAVRA ұжымы), Әсел Есжанова (Urban Forum Kazakhstan) және Лейла Зулейха Махмудова (FemAgora) секілді жергілікті сарапшылар бірлесіп, Қазақстан мен Орталық Азиядағы деколониялық дискурстардың контекстін таныстырады. Желілік кездесудің мақсаты – білім мен тәжірибе алмасу және трансшекаралық кездесулерді жалғастыру үшін ортақ жолдарды анықтау.
2023 жылдың 26 және 27 қазанында біздің жобаға қатысыңыз!
Төмендегі сілтеме арқылы тіркеле аласыз.
Тіркелу
Іс-шара
ағылшын тілінде өтеді.
Бағдарлама
26.10.23, 9:30-дан 18:45-ке дейін
6 елдегі деколонизация картасының презентациясы.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы деколонизациялық заманауи тәжірибемен таныстыру.
Ашық пікірталас, желі құру.
Орналасқан жері: Қазақстандағы Гёте-Институтының кітапханасы (Наурызбай батыр к-сі, 31, 5 қабат)
27.10.23, 19:00-ден бастап
Жергілікті және халықаралық сарапшылармен және Алматы қаласының мәдени қоғамдастығымен кездесу және пікір алмасу
Орналасқан жері: Егін арт алаңы (Нұрмақова 79)
Артқа