Фильм Атлант
Кешкі көрсетілім
Қымбатты достар, біз сіздерді жұма күні 27 қазан 2023 ж. сағ.18.30 Қазақстандағы Гёте-Институт кітапханасына фильм көрсетіліміне шақырамыз.Бұл кеште «Атлант» атты фильм көрсетіледі (Германия, 2018 ж.)
Режиссёр: Давид Наврат
Рөлдерде: Райнер Бок, Альбрехт Шух, Торстен Мертен, Уве Пройсс және т.б.
Фильм неміс тілінде.
Субтитр: орыс тілінде
Фильмнің сипаттамасы:
Егде жасқа келіп қалған бір кездегі ауыр атлет Вальтер жүк тиеуші болып жұмыс істейді. Өзінің жүк артатын тобымен бірге ол бір пәтерді күшпен босаттыруға тиіс болады. Көне үйдің есігі ашылған сәтте Вальтер отбасымен сол жерде тұратын жігіттің бір кезде өзі тағдыр тәлкегіне тастап кеткен ұлы екенін танып біледі. Ол жақындасудың жолын іздеп, жас отбасын қатерден құтқаруға ұмтылады; ондай істің салдары жан-жақты болмақ.