Байқау Неміс тілі сахнада

Құрметті театр құмар қауым және Қазақстанның әуесқой театр артистері!
Қазақстандағы Гёте-Институт  Республикалық  драмалық  неміс театрының қолдауымен биылғы жылы жастарға арналған «Неміс тілі сахнада» атты 5-ші Театр фестивалін ұйымдастырады.
Биылғы жылы назар мына элементтерге бөлінетін болады: хореография, ән айту және музыкалық инструментте ойнау.
 
Фестивальға қатысу үшін біз мынадай шығармашылық тапсырмалар ұсынамыз:
1. Сіздер неміс театр қойылымдарының тізімінен бір пьесаны таңдап алып, оны өз қалауларыңыз бойынша дайындай аласыздар. Сіздер өз мәтіндеріңізді де қалауыңыз бойынша пайдалана аласыздар немесе неміс театр қойылымдарының тізімінен бір пьесаны таңдап алып, оны өз қалауларыңыз бойынша дайындай аласыздар. Шығармалар тізімін Анна Мельник ханымнан ала аласыздар: anna.melnik@goethe.de

Сіздердің қойылым жоғарыда аталған элементтермен берілгені жөн: хореография, ән айту және музыкалық инструментте ойнау.
2. Қойылым ұзақтығы 35- 40 мин. аспау керек
3. Қойылымда Сіздер стол, орындық, т.б. қарапайым реквизиттерді пайдалана аласыздар, сол сияқты ерекше пайдаланылатын реквизиттер болса оларды өздеріңізбен бірге әкелуіңіз керек.
4. Сіздің топтың құрамы 8 адамнан аспауы керек (режиссёр, техниктерді қоса есептегенде).
5. Пьесаны таңдап және танысқаннан кейін бізге қойылымның қысқаша идеясы мен тақырыбын және қатысушылар туралық ысқаша бейне- ақпарат жіберулеріңізді өтінеміз.

Сіздердің өтінімдеріңіздің  негізінде әділ қазы алқасы қатысуларыңыз жайлы шешім қабылдайды. Бұрынғы фестивальға қатысқан топтар енді басқа құраммен дайындалуы керектігін  естеріңізге саламыз.
 
6. Қойылымға байланысты барлық сұрақтарды кеңесшіміз, Наташа Дубс ханымға (ndubs@gmx.de) жолдаңыздар. 
Фестивальға  қатысу үшін 13  пен 20 жас аралығындағы неміс тіліне қызығушылық танытқан әуесқой театрдың  жас артистерін шақырамыз. 
 
Театр фестивалі  Алматы қаласында, 2019 жылғы қараша айында  өтеді, нақты уақыты туралы қосымша хабар беріледі.
 
Фестивальға қатысу үшін өтінімдеріңізді  2019 жылғы 15- қыркүйекке дейін Анна Мельник ханымға anna.melnik@ goethe.de   жіберіңіздер.

Жаңадан келетін қатысушылар тобына қош келдіңіздер дейміз!
 

Артқа