Байқау Неміс тілі сахнада

Құрметті театр құмар қауым және Қазақстанның әуесқой театр артистері !
 
Қазақстандағы Гёте-Институт  Республикалық  драмалық  неміс театрының қолдауымен биылғы жылы жастарға арналған «Неміс тілі сахнада» атты 5-ші Театр фестивалін ұйымдастырады.
Биылғы жылы Фестиваль мынадай ұран аясында өтетін болады:
Театр-әсерлі кеңістік-театр бәрі үшін-театр бәрімен бірге.
 
Фестивальға қатысу үшін біз мынадай шығармашылық тапсырмалар ұсынамыз:
 
1. Сіздер неміс театр қойылымдарының тізімінен бір пьесаны таңдап алып,оны өз қалауларыңыз бойынша дайындай аласыздар. Сіздер өз мәтіндеріңізді де қалауыңыз бойынша пайдалана аласыздар
немесе
неміс театр қойылымдарының тізімінен бір пьесаны таңдап алып,  оны өз қалауларыңыз бойынша дайындай аласыздар (шығармалар тізімін Анна Мельник ханымнан ала аласыздар anna.melnik@goethe.de) Сіздердің қойылым көрермендерге партисипативті элементтермен берілгені жөн. Яғни көрермендердіқоса отырып, бірге ойнауға шақырыңыз.
2. Қойылым ұзақтығы 20- 30 мин. аспау керек
3. Қойылымда Сіздер стол, орындық, т.б. қарапайым реквизиттерді пайдалана аласыздар, сол сияқты ерекше пайдаланылатын реквизиттер болса оларды өздеріңізбен бірге әкелуіңіз керек.
4. Сіздің топтың құрамы8 адамнан аспауы керек (режиссёр, техниктерді қоса есептегенде).
5. Пьесаны таңдап және танысқаннан кейін бізге қойылымның қысқаша идеясы мен тақырыбын және қатысушылар туралық ысқаша бейне- ақпарат жіберулеріңізді өтінеміз.
Сіздердің өтінімдеріңіздің  негізінде әділ қазы алқасы қатысуларыңыз жайлы шешім қабылдайды. Бұрынғы фестивальға қатысқан топтар енді басқа құраммен дайындалуы керектігін  естеріңізге саламыз.
6. Қойылымға байланысты барлық сұрақтарды кеңесшіміз, Неміс театрының бас режиссеры Наташа Дубс ханымға (ndubs@gmx.de) жолдаңыздар.
 
Фестивальға  қатысу үшін 13  пен 20 жас аралығындағы неміс тіліне қызығушылық танытқан әуесқой театрдың  жас артистерін шақырамыз. 
 
Театр фестивалі  Алматы қаласында, 2019 жылғы қазанның 31-нен қарашаның –3-не дейін  өтеді, нақты уақыты туралы қосымша хабарланады.
 
Фестивальға қатысу үшін өтінімдеріңізді  2019 жылғы 16- қыркүйекке дейін Аннa Мельник ханымға anna.melnik@ goethe.de жіберіңіздер.
 
Біз фестивальға қатысуға іріктелген топтар жайлы 2019 жылы  07-қазанға дейін хабарлаймыз.
 
Жаңадан келетін қатысушылар тобына қош келдіңіздер дейміз!

 

Артқа