Көрме ШЕКАРА

ШЕКАРА ©Goethe-Institut

Ср, 19.09.2018 -
Сс, 16.10.2018

Almaty

Еуропа қай жерде бітеді, Азия қай жерде басталады? Шекаралар неге әсер етеді және оларды кім тартады? Бұлар Гёте-Институттың «Шекара» атты жаңа көрмелік жобасы айналысатын басты сұрақтар. Көрме Шығыс Еуропа, Германия және Орта Азиялық көптеген серіктестермен бірлестікте жасалды және оның уақыты бірнеше жылға созылады. Көрмеге қатысушылар – Еуропа мен Азияның 11 елінің 16 қаласынан келген жас суретшілер. 2017 жылдың ақпан айында Мәскеуде ашылған көрме одан соң Санкт-Петербург, Красноярск, Киев, Тбилиси, Минск және Дортмунд қалаларында болды. Ал 2018 жылы Орта Азияға – Алматы мен Ташкентке сапар шегеді.
 
«Шекара» шекаралар мен олардың алуан түрлі формада пайда болуын – аумақтық дербестік немесе керісінше қосынды ретінде, мәдени, жеке бастық немесе әлеуметтік бөгеттер ретінде, «бізді» «өзгелерден» бөліп тұратын немесе сол дихотомияны тудыратын құрал ретінде – зерттеп, саралайды. Мұндағы «шекара» сөзін метафора ретінде, келісімнің пәні және өзгерістерге бейім шартты бейне ретінде түсінген жөн. Бұл Германия мен Еуропа үшін қаншалықты ерекше өзекті болса, Ресей мен бұрынғы кеңестік республикалар үшін де соншалықты ерекше өзекті тақырып. Мұнда Еуропа мен Азия арасындағы географиялық және мәдени шекара «қызыл сызық» ретінде қызмет етеді. Жоба бұл тақырыптарды көркем шығармашылық тұрғысынан, мәдени өлшем тұрғысынан қарастырады. «Жобаның мақсаты – шекаралардың пайда болу үдерістерінің, шарттары мен себептерінің жан-жақты зерттеуіне мүмкіндік туғызу» - дейді Мәскеудегі Гёте-Институттың мәдени бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Астрид Веге.

Жоба аталмыш тақырыпқа деген өз ой-толғаныстарын көшпелі көрме түрінде ұсынатын суретшілердің жас буынының шығармашылығын көрсетеді. Көрме аясында жергілікті және неміс сарапшыларының қатысуымен әртүрлі бағдарламалар өтеді.  
 
Көрмеге қатысқандар: Умида Ахмедова және Олег Карпов (Ташкент, Өзбекстан), Алиса Бергер (Кёльн, Германия), Вирон Эрол Верт (Берлин, Германия), Айтегин Джумалиев (Бішкек, Қырғызстан), Наталья Дю (Алматы, Қазақстан), Сәуле Дүйсенбина (Алматы, Қазақстан), Анастасия Живкова (Киев, Украина), Ольга Житлина және Анна Терешкина (Санкт-Петербург, Ресей), Катя Исаева (Мәскеу, Ресей), Антон Карманов (Новосибирск, Ресей), Алина Копица (Киев, Украина), «Иттер қайда жүгіріп барады» (Ресей), Ғайша Маданова (Алматы, Қазақстан / Мюнхен, Германия), Таус Махачева (Мәскеу, Ресей), Элеонор де Монтескью (Берлин, Германия), Станислав Муха (Берлин, Германия), Гамлет Овсепян (Ашнак, Армения), Марат Райымкулов (Бішкек, Қырғызстан), Алла және Алексей Румянцевтар (Душанбе, Тәжікстан), «Хинкали Джус» (Грузия), Александр Угай (Алматы, Қазақстан), Фархад Фарзалиев (Баку, Әзірбайжан), Сергей Шабохин (Минск, Беларусь).
 
Кураторлар: Инке Арнс, Медиаөнерді дәріптеу және қолдау ұйымының (HMKV) директоры, Дортмунд және Тибо де Ройтер, куратор әрі көркемөнер сыншысы, Берлин
Көрменің дизайны: Тибо де Ройтер, ассистенті Камилл Руо, Берлин
Көрмені дайындаған: Лиазон дез Арт, Карола Мачке, Берлин
Жоба жетекшісі: Астрид Веге, Мәскеу Гёте-Институты
 
«Шекара» — Мәскеу, Санкт-Петербург, Красноярск, Киев, Тбилиси, Минск, Дортмунд, Алматы және Ташкент қалаларында көрсетілетін Гёте-Институттың көрмелік жобасы. Жобаға Германия Сыртқы істер министрлігі демеушілік көрсетті.

Ілеспе бағдарлама:
 
- Баспасөз өкілдеріне арналған тур: 19.09.2018 ж. сағ. 16:00;
- Көрменің ашылу салтанаты: 19.09.2018 ж. сағ. 18:00;
- Көрменің кураторы Тибо де Ройтермен (Берлин) экскурсия:
  20.09.2018 ж. сағ. 18:00;
- «Шекара» тақырыбына арналған пікірсайыс (көрмеге қатысушылармен):
  20.09.2018 ж. сағ. 19:00;
-  «Көрме қалай жасалады?» тақырыбындағы мастер-класс (шақырумен): 
  21 - 25.09.2018

Қосымша ақпарат:
Шекара. Суретшілер туралы
 

Артқа