Байқау ПОЭЗИЯЛЫҚ ТУРНИР БАЙҚАУЫ

ПОЭЗИЯЛЫҚ ТУРНИР ©BernhardLudewig

Дс, 04.02.2019 -
Жк, 31.03.2019

Kasachstan

Қазақстан Гёте -Институты 2019 ж.  өзінің 25-жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай біз поэзиялық турнир байқауын жариялаймыз. Ол екі кезеңнен тұратын болады. Бірінші кезең ақпан айында жария етіледі, ал екінші кезең тамыз айында жарияланады.
 
Бірінші кезең тақырыбы: Қыс және көктем жайлы өлеңдер

Біз барлық жастағы қатысушыларды қуана қарсы аламыз. Сіз бұл байқауға неміс тілін жақсы білсеңіз, немесе тіпті  осыдан 20-30 жыл бұрын неміс тілін оқысаңыз да қатыса аласыз. Бізге өзіңіз таңдаған өлеңді оқып тұрған бейнебаянды жіберіңіз. Бейнебаянның ұзақтығы 5 – 8 минут болуы керек, негізінен неміс тілінде болғаны шарт.

Сіздің неміс тілін меңгеру деңгейіңіз А2 кем болмауы тиіс.

Өз жұмысыңызды 2019 ж. 12-наурызға дейін жіберуіңізді сұраймыз. Әділқазылар алқасы олардың ішінен өздеріне ұнаған өте әсерлі жұмыстарды таңдап алады. Ең үздік деп танылған авторлар бір жыл бойы көрермендердің алдында өтетін оқылымдарға шақырылатын болады.
 
Біз сіздің қатысатыныңызға қуаныштымыз!
 
Сізге берілетін тапсырмалар :

- Неміс тілінде бір өлең таңдап алыңыз.
- Өлеңнің қысқаша мазмұнын неміс тілінде айтып беріңіз (шамамен 5 сөйлем).
- Өлеңнің қысқаша мазмұнын орыстілінде айтып беріңіз (шамамен 5 сөйлем).
- Өлеңді неміс тілінде мәнерлеп, ым, қимыл және дауыс тембрын қосып айтып беріңіз. (Ұзақ өлең болса, тек бірнеше жолын ғана таңдаңыз)
- Сіз неге осы өлеңді таңдадыңыз? Сізге әсер еткен не болды?
- Сіздің ойыңызша, неге өлеңдер бірнеше ғасырлар бойы барлық тақырыптарға және барлық тілдерде жазыл?
 
Жұмыстарыңызды 12.03.2019 ж. дейін төмендегі электрондық  адреске жіберіңіз:
bkd-almaty@goethe.de
 
Байқаудың қорытынды іс-шарасы 2019 жылы күзде өтетін болады.
 

Артқа