Интерактивтік көрме Германия – өнертапқыштар мекені: "Зерттеу" модулі

Германия – өнертапқыштар мекені: "Зерттеу" модулі ©Қазақстан Гёте-Институты

Сс, 30.04.2019 -
Сн, 25.05.2019

Караганды

Германия – өнертапқыштар мекені: "Зерттеу" модулі атты Интерактивтік көрмені Фраунгофер қоғамдастығы мен Макс Планк қоғамдастығы бірлесе отырып ұйымдастырған еді, ол бірнеше жылдан бері дүние жүзін аралап келеді. Көрмеде табиғи да ғылыми  ортадағы өнертапқыштардың керемет жаңалықтарымен танысуға болады. Олардың ішінде  ашылған тарихи жаңалықтар мен инновациялық технологияны атап өтуге болады. Әйгілі ғалымдардың жеті сала бойынша айтылған қызықты ойлары келушілерді мынадай тақырыптармен таныстырады: информатика, энергетика, коммуникация, автомобиль жасау, медицина, оптика және жаңа  материалдар.
 
Көрменің алғаш көрсетілімі 2015 жылы күзде  Берлинде  болып өтті.  Содан бері ол Гёте-Институттың өкілдігі немесе серіктестігі орналасқан қалаларда өткізіледі. 2019 ж. наурызға дейін көрме Индонезиядан бастап АҚШ-қа дейін сапар шегіп  30 елде  көрсетілді.
Көрме негізінен  15-жастан  25-ке дейінгі жастарға арналған. Ол неміс тілінде дайындалған, қазақ және орыс тіліне аударылған. 
 
Көрменің салтанатты түрде ашылуы 2019 ж. 30 сәуірде сағ. 17.00.
Кіру тегін!
 

 
 
 

Артқа