Әдеби кеш Әдеби кештер: "Балаларға арналған неміс кітаптарының ғажайып әлемі!"

Оқырмандар клубы Foto: ©BettinaSiegwart

18:30-20:00 сағ.

Қазақстандағы Гёте-Институт

Құрметті неміс тілінің достары,
 
Сіздерді 2019 жылдың 26-сәуірі, жұма күні, 18.30-да Гёте-Институттың кітапханасында өтетін «Оқырмандар клубының» келесі кездесуіне шақырамыз.

Келесі оқырмандар клубының тақырыбы: "Балаларға арналған неміс кітаптарының ғажайып әлемі!"
 
Неміс балалар әдебиеті алуан түрлі, өте қызық және таңғажайып әдемі!
Кішкентай Гётенің алғаш оқыған кітабы қай кітап болғанын білесіз бе? Неге ол кітап бүкіл Еуропаға белгілі болды және оны жазған кім еді?

Германияның және басқа неміс тілді елдердің кішкентай оқырмандары қазір қандай кітаптар оқиды? Олардың ішіндегі ең кереметтері Aлматыдағы Гёте -Институтының кітапханасында да бар!

Сізде кітапты дауыстап оқуға байланысты қалыптасқан қандай да бір салт-жоралар бар ма? Кітапты жай дауыстап оқуды Сіз үшін, балалар үшін не кішкентай бауырларыңыз үшін ұмытылмас бір оқиғаға айналдыратын не? Кеште осы жөніндегі кішкентай, бірақ ғажайып ақыл-кеңестермен де танысамыз!

Қысқасын айтқанда, «Оқырмандар клубына» келем деушілерге есік ашық!
Кішкентай оқырмандарымыз сияқты бірге кітап оқимыз, әнгімелесеміз, әңгіме тындап, ойын ойнаймыз!
Барша неміс әдебиетіне қызығушыларды (неміс тілін меңгеру деңгейіне қарамастан) "Оқырмандар клубына» шақырамыз!
 
«Оқырмандар клубы» Сіздерді құшақ жая қарсы алады!
Уақытыңыз қызықты өтсін!
Гёте Институт кітапханасы


Сондай-ақ біздің Onleihe қорымызды да назарларыңызға ұсынамыз: www.goethe.de/ins/kz/ru/alm/kul/bib/onl.html

 

Артқа