Концерт «Made in Germany – Eegeru Connect»

Ensemble Garage (Köln) Foto: ©Alessandro De Matteis

Бс, 10.10.2019 -
Жм, 11.10.2019

19.00

Нұр-Сұлтан

Қазақстан Гёте-Институтына 25 жыл! Осы мерейтойға орай заманауи музыканың жаңа фестиваліне шақырамыз. Фестиваль жаңа идеялар, туындылар мен концептілерге арналған платформа түрінде өтеді. Фестивальдің басты кейіпкерлері – заманауи музыка ансамблі Игеру (Алматы) мен Жаңа музыка ансамблі Garage (Кёльн).

Eegeru ансамблі
 
2015 жылы ниеттестер тобы құрған  Eegeru - Қазақстандағы жалғыз заманауи музыка ансамблі. Тұрақты құрамында сегіз музыкант бар: Валентина Каратаева (скрипка), Александр Тхай (скрипка), Павел Тарасевич (альт), Нұржан Жүсіп (виолончель), Дамир Буркитбаев (кларнет),  Зухра Зейгалиева  (флейта), Сабина Атагельдиева (фортепиано), Тогжан Каратай (қыл-қобыз). Репертуарға байланысты ұжымға кейде Қазақстанның мықты орындаушылары қосылады. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - сазгер Санжар Байтереков, директоры – қоғам қайраткері, музыкатанушы Раушан Джуманиязова. Eegeru қатысқан халықаралық жобаларда үлкен жетістіктерге жетіп, Театральный центр Мейерхольда (РФ, Мәскеу), Қырғыз Консерваториясының үлкен залы  (Бішкек), «Целинный» Заманауи мәдениет орталығы, «АRTиШОК» театры сияқты ірі халықаралық және отандық алаңдарда өнер көрсеткен.
2016 жылы Eegeru музыкасын Санжар Байтереков жазған Медея. Material поп-механикалық спектаклінің қойылымына қатысқан.  2019 жылы мамыр айында ансамбль  ресейлік сазгер  Александр Маноцков пен АRTиШОК театры бірлесіп жасаған «Ер Төстік» камералық операсының қойылымына қатысты. 2017 және 2019 жылы ансамбль Nauryz XXI Халықаралық заманауи музыка фестиваліне қатысты. Ансамбль құрылғалы бері өткен 4 жыл ішінде музыканттар қазақстандық және шетелдік авторлардың 80 шақты шығармаларын орындады.
 
 
Ensemble Garage
 
Ensemble Garage-ды 2009 жылдың басында сазгер Бригитта Мунтендорф музыкант, сазгер және суретшілер үшін жаңа идея, тұжырымдама, шығармаларды зерттеп, көрсетуге арналған платформа  ретінде құрған. Бұл – құрамында бес елден келген он музыканты бар бірегей ұжым: Нилс Колер (кларнет), Франк Ридель (саксофон), Тиль Кюнклер (тромбон), Малгорзата Валентынович (фортепиано), Юка Ота (перкуссия), Сабине Акико Арендт (скрипка), Максимилиан Һафт (скрипка), Аннегрет Майер-Линденберг (скрипка), Ева Бёш (виолончель), Мариано Чиакчиарини (дирижер), Бригитта Мунтендорф (директор, сазгер). Ensemble Garage-дың әр концерті өзіне тән әмбебап тұжырымдамасы, театр және мультимедиа элементтері бар «қойылымдық» тұсаукесер болып табылады.  Ensemble Garage-дың алғашқы концерті 2009 ж. ON-Netzwerk für Neue Musik Köln фестивалінің аясында өтті. Қазіргі таңда ансамбль дүниежүзі бойынша концерттер қойып жүр. Оның репертуарында еуропалық жас сазгерлердің шығармалары. Ensemble Garage-дың сазды интерпретациялары Германияның  «Hessischer Rundfunk» және «Deutschlandfunk» радиосынан ұдайы беріліп тұрады. Ансамбль әр жылдары Donaueschinger Musiktage, Tonlagenfestival Hellerau, aXes Festival Kraków, Acht Brücken Festival Cologne, InFront Festival Aachen сияқты басқа да халықаралық заманауи музыка фестивальдарына қатысқан.
Ensemble Garage  тобына қолдау көрсеткен Солтүстік Рейн-Вестфалия федеральді жерінің мәдениет және ғылым министрлігі.
 
 
Бригитта Мунтендорф
 
Бригитта Мунтендорф – Ensemble Garage -ды құрған, өнердің түрлі формаларының және ұсыну әдістерінің тоғысында музыка жазатын германиялық-австриялық сазгер. Бремен Өнер университетінің және  Кёльн Музыка және би жоғары мектебінің түлегі, бірнеше эксперименттік сахналаудың авторы. Солардың бірі алғаш рет 2017 жылы Штуттгартта өткен ECLAT фестивалінде қойылған social media опера iScreen, YouScream! 2016 жылы, Кёльн қаласы Филармониясының және Германия Федералдық мәдениет қорының тапсырысымен, Бригитта Мунтендорф хореограф Стефани Тиршпен бірлесіп «Анна Халприннің қала билері» жобасын қойды.
Бригитта Мунтендорф әр жылдары басты-басты заманауи музыка фестивальдарына қатысты, оның ішінде Festival d’Automne (Париж), Festival Musica (Страсбург), Gaudeamus Muziekweek (Утрехт), Warsaw Autumn (Варшава), Klang Festival (Копенгаген) және Wien Modern (Вена) фестивальдары да бар. 2013 жылдан ол Deutschlandfunk Köln үшін Frau Musica (nova) жобасының кураторы. Бригитта Мунтендорф – көптеген беделді гранттар мен стипендиялардың иегері, оның ішінде Халықаралық өнер достастығы (Париж), Modern Akademie ансамблі, Villa Concordia (Бамберг), Villa Kamogawa (Киото) бар. В 2014 ж. ол  өзінің It May Be All An Illusion атты CD-альбомы үшін Эрнст фон Сименс атындағы музыкалық сыйлыққа ие болды, ал 2017 ж. «Жас таланттар» категориясы бойынша GEMA Германия музыка авторларының сыйлығын алды. 2017 жылдан Бригитта Мунтендорф Кёльн Музыка және би жоғары мектебінің  шақыртылған профессоры.
 
 
Сергей Невский
 
Белгілі ресейлік сазгер, Берлинде тұрып, қызмет жасайды. Берлин Өнер университетін бітірген. Дармштадт, Киев, Виитасаариде халықаралық композиция курстарында сабақ берген. Винзавод Заманауи өнер орталығындағы Платформа  жобасының (2011 - 2012), Аударма машақаты фестивалінің (2011 - 2014) және Берлин Өнер академиясындағы Underground and Improvisation, Шығыс Еуропадағы балама өнер 1968 - 1994 (2018) музыкалық көрмесінің Музыка бағытының кураторы. 2012 ж.  Большой театрда оның  Франциск камералық операсының тұсаукесері болды. 1994 жылдан бері Сергей Невскийдің музыкасы Донауэшинген, Берлин (Berliner Festwochen, UltraSchall, Maerzmusik), Вена (Wien Modern), Мюнхен (Musica Viva), Амстердам (Gaudeamus), Цюрих, Мадрид, Мәскеу (Территория, Другое пространство, Московский форум) және Петербург (Пифийские игры) халықаралық фестивальдарында орындалып жүр. Сазгер Neue Vocalsolisten Stuttgart, Еnsemble Recherche, Moscow Contemporary Music Ensemble, Ensemble Mosaik ансамбльдерімен, Теодор Курентзис, Филипп Чижевский, Титус Энгель, Энно Поппе, Наталья Пшеничникова, Якоб Диль т.с.с. музыканттармен бірнеше рет бірлесіп жұмыс жасады. Сергей Невский А.Чехов ат. Мәскеу көркемөнер театрында және Ұлт Театрында бірқатар театр жобаларын сәтті жүзеге асырды, Кирилл Серебренников, Марат Гацалов және т.б. режиссерлермен серіктесіп еңбек етті. Ол Штутгарт композиция сайысының Бірінші сыйлығының лауреаты (2006), Берлин көркемөнер сыйлығының (2014) және Золотая Маска 2014 фестивалі Қазылар алқасының арнайы сыйлығының иегері.
Made in Germany – Eegeru Connect фестивалінің аясында Сергей Невский «Суреткер - авантюрист: сазгер, құбылмалы контексттегі шығарма мен форма» тақырыбына дәріс оқиды. 

Фестиваль бағдарламасы:
10 қазан 2019 ж., 15:00 – Сергей Невскийдің дәрісі
                                            (Атриум залы, 1-қабат)
10 қазан 2019 ж., 19:00 – Eegeru ансамблінің концерті
                                            (Event Space залы, 5-қабат)
11 қазан 2019 ж., 15:00 – Бригитта Мунтендорф, тұсаукесер
                                            (Атриум залы, 1-қабат)
11 қазан 2019 ж., 19:00 - Garage ансамблінің концерті
                                            (Event Space залы, 5-қабат)
12 қазан 2019 ж., 19:00 – Жабық іс-шарасы
                                            (Event Space залы, 5-қабат)

   
 

Артқа