Концерт Matthias Lindermayr Quartet Алматыда!

Matthias Lindermayr Quartet Алматыда! © SilkMusicFest

Дс, 28.10.2019

20.00 - 22.00

Нұр-Сұлтан

Гёте-Институт Қазақстан мен Silk Music Fest өздерінің бірлескен жобасы – Германияның үздік заманауи джаз ұжымдарының бірі - Matthias Lindermayr Quartet-тің концертін ұсынады!
Концерт 28 қазан, 20:00-де Алматы қ. Лермонтов театрының сахнасында өтеді.
Топ жетекшісі Маттиас Линдермайр (керней), сол сияқты Крис Галл (фортепиано), Андреас Курц (контрабас) және Энди Һаберл (дауылпаз) қазақ жұртшылығына «München Jazz» арнайы бағдарламасын ұсынбақшы.
Жас болса да әлемге танымал болған Маттиас Линдермайрды музыка сыншылары Германияның ең көрнекті кернейшілерінің қатарына жатқызады. 32 жасар музыкант және бэнд жетекшісі джаз бен музыка медиа әуесқойларының таңдайын қақтырған 3 альбом шығарып үлгерді.
Оның алғашқы альбомы туралы классикалық және джаз музыкасы бағытындағы  Rondo Magazine журналы ««Lang Tang» альбомының алғашқы тактілерінде Маттиас Линдермайрдың трубасының дыбысы аңызшы шаманның дауысындай естіледі, ол сыбырлайды,» - деп жазды.   
Ал тек Германияда ғана емес, бүкіл әлемдегі ең көне және анағұрлым беделді джаз басылымдарының бірі Jazz Podium:
«Линдермайр алғашқы дыбысымен-ақ баурап алады. Ол стиль мен идеалдар арасынан өз орнын тапты... Оның ерекше, жылуы  өзегіңнен өтер ойыны аңызшылық таланты бар кернейшінің әуенге толы мінезінің көрінісі іспетті...»
Silk Music Fest-тің дәстүрі бойынша, концерт бағдарламасына шақырылған өнерпаздар мен қазақстандық әртістердің қызықты әрі баға жетпес музыкалық диалогы кіреді. Matthias Lindermayr Quartet-пен бір сахнада Ирэна Аравина мен Jazz House тобы өнер көрсетеді.
Өткізіп алуға болмайтын оқиға!
 
Silk Music Fest – халықаралық шынайы музыка фестивалі. Бұл – әлемнің асқан шебер музыканттары мен ең талантты әншілерінің жыл бойы өтетін тамаша концерттерінің тізбегі.
 

Артқа