Онлайн әдеби шара (Skype for Business) Неміс авторы Элеонора Хуммельмен кездесу

Элеонора Хуммельмен онлайн кездесу © Қазақстан Гёте-Институты

Жм, 16.10.2020 -
Сн, 17.10.2020

18.30 - 16.00

Әдеби шара

Құрметті достар,
Сіздерді неміс жазушысы Элеонора Хуммельмен авторлық онлайн кездесуге шақырамыз. Автор жаңа кітабынан үзінді оқып, өз шығармашылығымен таныстырады.

16.10.2020, 18:30 /  „Die Wandelbaren“ романы

17.10.2020, 14:00 / „Die Venus im Fenster“ романы


Кездесу Skype for Business арқылы өтеді. Арнайы сілтемені мына жерде тіркелген соң аласыздар: 
Тіркелу және ақпарат алу: bibliothek-almaty@goethe.de
Тел.:  + 7 701 560 32 23

Жазушы жайлы

Элеонора Хуммель 1970ж. Қазақстанда, бұрынғы Целиноград, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. 80-ші жылдары жанұясымен бірге алдымен солтүстік Кавказға, кейінірек Дрезденге қоныс аударады.Көптің назарын аудартқан оның алғашқы дебюті „Die Fische von Berlin“ мен „ Die Venus im Fenster“ романы және "In guten Händen, in einem schönen Land" туындысы Штайдл Гёттинген баспасынан жарық көрді. Элеонора Хуммельдің көптеген шығармалары Адель фон Шамиссо атындағы және Хоэнемзер әдеби жүлделеріне ие болған. Қазақстандағы неміс театры жайлы 2019 ж. Мюри Зальцман баспасынан шыққан "Die Wandelbaren" жаңа романының үзіндісі үшін жазушы Шпреевальд әдеби стипендиясымен 2016/2017, Швабиялық әдеби сыйлығымен 2017, Саксония мәдени фондынан және Хайнрих Хайне стипендиясымен марапатталған. Бүгінгі таңда Элеонора Хуммель Дрезден қаласында тұрады.
Толық ақпарат: https://www.eleonora-hummel.de
 
„Die Wandelbaren“ романы
16.10.2020 / сағ. 18.30


Ол тракторшы болғанды және совхоз директорының сұлу қызына үйленуді армандаған еді. Бірақ, бәрі басқаша болды. Қалада тұратын бұрыннан таныс адамдар 16-жасар Арнольд Бунгертің, сонау Мәскеудегі ең мықты деген доценттерден актерлік шеберлікті оқуы үшін қазақ даласынан кетуіне ықпал етеді. Ең қызығы, сахна тілі – неміс тілі болмақ, ал Арнольд болса, тегіне қарамастан бір ауыз сөз білмейді. Теміртаудан неміс театрын ашу мақсатында Арнольдпен бірге тағы біраз жастар оқуға аттанбақ. Бұл совет үкіметінің неміс ұлты өкілдерін қолдау жоспары еді.
Бірақ металлургтар қаласы атанған  Теміртауда неміс ұлты аз тұратын. Оның үстіне көрермендер де аз. Дегенмен, жас актерлер, тоталитарлық советтік жүйеге қарамастан, сахнада болса да еркіндікке қол созды. Олар онда „саяси жоспарлар“ қабылдап, ғашық болып, таласып, әйтеуір өз өмірлерін бейнелеп жатты. Театр жабылғаннан кейін, 25 жылдан соң қайта кездесті. Олардың бұрынғы арман-қиялдарынан не қалғандай?
Жазушы Элеонора Хуммельдің "Die Wandelbaren" романы үлкен туынды: орыстың үздік әңгімелеу дәстүрі үрдісімен, үлкен өзгерістер заманындағы ашылмаған сырларды қайта жаңғыртуға тырысады, балалық шағын сыр сандыққа салып, ала қашқан жандарға өз сүйіспеншілігін білдіреді.
Толығырақ: https://www.muerysalzmann.com/online-shop/die-wandelbaren
 
 
"Die Venus im Fenster" романы
17.10.2020 / сағ. 14:00


Алина 10 жыл көрмеген Ирманы, өзін әбден сағындырып, ақыры келуге бел буған сіңлісін, Берлиннің шығыс вокзалында күтіп тұр. Ресейлік немістер - Шмидттер отбасы 80-ші жылдардың басында Дрезденге қоныс аудара бастады. Алина алғашында жаңа тарихи отанында өзін бөтен сезінгенін, бұл елдің тілін түсінбесе де, болашақта берері мол болып көрінгенін есіне түсіре бастады. Оның қалайша уақыт өте келе неміс-орыс отбасынан, орыс-неміс отбасына айналғалы жайлы, Қазақстанда тұрғанда Донаудан шыққан швабиялық Эрика әжесінің ата-бабасы жайлы, олардың қиын тағдыры туралы жиі әңгімелейтіні ойына орала берді.
Элеонора Хуммель таусылмас естелікке айналған өткен өмірдің, аңсаған бақыт пен кейіпкер қыздың өзін-өзі іздеу жолындағы өмірін әңгімелейді. 
Толығырақ: https://steidl.de/Buecher/Die-Venus-im-Fenster-1123394057.html

 

Артқа