Көрме «БИЛІК СЕЗІМІ. ГЕРМАНИЯ 19/19»

«БИЛІК СЕЗІМІ. ГЕРМАНИЯ 19/19»  © Goethe-Institut

Бс, 15.10.2020 -
Дс, 30.11.2020

Нұр-Сұлтан

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстандағы Гёте-Институты бірлесе отырып 2020 жылдың 15- қазан мен 30 -қараша аралығында «БИЛІК СЕЗІМІ. ГЕРМАНИЯ 19/19» атты фотокөрмені ұсынады.

Көрмеде келушілер адамның 18 эмоциялық жағдайымен танысады, сондай-ақ Германиядағы демократия мен диктатураның даму тарихымен таныс болады, соңғы 100 жылдағы бетбұрыстар мен тұрақтылықты, сол сияқты осы эмоциялардың дамуын байқай алады.

«Билік сезімі. Германия 19/19!» фотокөрмесі офлайн және онлайн режимінде әлеуметтік желілерде – музейдің Facebook парақшасында төрт тілде (қазақ, орыс, неміс, ағылшын) және Қазақстандағы Гёте-Институтының парақшасында ұсынылады.

Көрменің өтетін орны:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей
Алматы, Самал-1, 44-үй

Көрме күн сайын сағат 9.30-дан 17.30-ға дейін жұмыс істейді, сейсенбі – демалыс күні.

Бір топта санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай 30 адамнан артық болмауы қажет: бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық 1,5 м кем болмауы керек.
Сол сияқты онлайн режимінде де.

Анықтама телефондары:
ҚР Мемлекеттік орталық музей – 2644650, 2645577,
Қазақстандағы Гёте-Институты – Анна Мельник anna.melnik@goethe.de
 
„БИЛІК СЕЗІМІ. ГЕРМАНИЯ 19 | 19“  көрмесі онлайн форматта

Артқа