Көрме УАҚЫТТАҒЫ САЯХАТ

Уақыттағы саяхат © Goethe-Institut Kasachstan

Бс, 26.11.2020 -
Жм, 25.12.2020

Нұр-Сұлтан

Эрих Заломон / Барбара Клемм

Өзара кездесу алуан түрлі ұлт өкілдері болып табылатын адамдар арасындағы әрбір диалогтың негізін құрайды. Шетелмен байланыс институты өзара түсіністік пен ақпарат шеңберін кеңейту үшін елдер арасындағы өнер туралы диалогты көрмелермен байытып, сол арқылы шетелде Германияның кешенді бейнесін ұсыну мақсатын көздейді. Неміс халқының өнер саласының болмысын айқын көрсетер жолды көркем фотографиядан артық ашар құрал  жоқ деуге болады. Сондықтан да Шетелмен байланыс институты Германия фотографиясына қатысты көрмелер топтамасын бастады. Кезекті көрме Барбара Клемм мен Эрих Заломонның фотосуреттеріне арналады.
Фотожурналистің жұмыс істеу саласы – жатқан бүтін бір әлем. Шетелмен байланыс институты фотожурналистикаға, фотографияның осы бір тамаша қырына бұған дейін төрт көрме арнаған. Басқа коммуникативтік құралдарға қарағанда, фотожурналистік сурет тарихи оқиғаның ерекшелігін дәл көрсетіп, оның қоғамдық, саяси және мәдени сипаттағы нәтижелеріне өткір көзбен қарауға мүмкіндік береді.
Көпшіліктің ойынша фотожурналистер – шытырман оқиғаларға әуес ержүрек жандар; олар фотоаппараты мен оның алмастыратын объективін асынып алып, ел дүрліктіретін немесе қайғылы оқиғаларды, тіпті апаттарды көрерменге әсерлі түрде бейнелеу мақсатында елден елге сапар шегеді. Алайда адамдарды дүрліктіретін немесе тіпті тітіркендіретін мазмұндағы хабарларды тарату Барбара Клемм мен Эрих Заломонның көздеген мақсаты емес. Қос фотографтың шығармашылығының арасында елу жылдық уақыт жатса да, олардың діттеген мақсаттары ұқсас еді. Ол – сезімтал суретті хабарлама. Қос фотограф та суреттің эстетикалық және психологиялық тереңдігімен жұмыс істеуге күш салды. Олар біздің өмір салтымызды ерекше қырынан бақылап, оны алуан түрлі көріністе – пейзаж, архитектура, портрет, заманауи тарих, қоғам – бейнелейді. Өздері тапқан нақтылыққа назарларын аударған себепті өзінше құжаттайды. Дүниенің болмысын нақты күйде ашып көрсетеді; құр ашып қана қоймай, өздерінің соған қатысын көрсетеді және бейнеленушіні әшкерелемей, көзде де, көңілде де оның абыройын сақтайды.
Олардың жобаларының көркем мақсаты мен эстетикалық талабы қарапайым фотожурналистика шеңберінен шығып кетеді: қос фотограф та көбінесе газеттің немесе журналдың тапсырмасымен жұмыс істеген, бірақ олар ешқашан бөтен тапсырма мен өзіндік туындыны бөліп қарамаған. Олар өтіп жатқан басты оқиғаның төңірегіндегі ілеспе сәттерді тауып, соларды суретке түсірген. Ал ол сәттер көбінесе орын алған басты оқиғадан да мазмұндырақ әрі салмақтырақ болып шығады. Ондай суреттер өз еркімен туған фотографиялар болғандықтан, авторлардың кейін редакцияда оларды жарыққа шығару үшін күресуіне тура келетін.
 Ортақ мақсат жолындағы жігерлі және қажымас талпынысы үшін Барбара Клемге және Эрих Заломонның еңбектері үшін Берлин галереясының фотография бөлімінің жетекшісі Ульрих Домрёзеге алғысым зор. Куратор Андреас Ростыға да мұқият әрі сенімді таңдауы үшін алғысымды білдіремін... 
 
Урсула Целлер

Артқа