Семинар Қырғызстанның жас киносценаристеріне арналған воркшоп

Киносценаристерге арналған воркшоп Foto: Vera Polunina © Getty Images

Жм, 12.03.2021 -
Жк, 14.03.2021

15.00 - 18.00

Online

Қазақстандағы Гёте-Институт 2021 жылдың 12-14 наурызында кинотанушы Дмитрий Поповтың жетекшілік етуімен «Сценариймен жұмыс істеу: кейіпкер, үш актілі құрылым, сахна және диалог» атты онлайн-семинар өткізеді. Семинарға сценарий саласындағы білімдерін кеңейтуді қалаған қырғызстандық жас киносценаристер  мен студенттер қатысады.
 
Бұл біліми жобалық жұмыс аталмыш саладағы белсенді жастар мен олардың жасампаз бастамаларына қолдау көрсету мақсатын көздейді. Үш күнге жалғасатын (күн сайын үш сағаттан) воркшоп аясында өтетін питчинг барысында қатысушылар өз жобаларын көрсетіп, таныстырады.
 
Режиссер, сценарист және продюсер Дмитрий Попов Мәскеу қаласында туған. Герасимов атындағы кинематографиялық БМКИ-дің сценарий-кинотану факультетін тәмамдаған соң „Мосфильм“ киностудиясы мен „Искусство кино“ журналында редактор болған, „Огонек“ журналының мәдениет бөлімі редакторының орынбасары қызметін атқарған. 1991 жылы Германияға қоныс аударған. Азаттық радиосының орыс тілді қызметінде  редакторлық еткен. Мюнхендегі Телевизия және кино жоғары мектебін бітірген. Неміс киносының экспорт одағында, „UFB Teleconsulting“ медиаагенттігінде, „Blue Eyes Fiction“ кино өндіру компаниясында және „Focus“ журналында қызмет еткен. MDR және ARTE телеарналары үшін бірнеше деректі фильмдер түсірген. 2011 жылдан Мюнхен қаласындағы  Fresenius Университетінде дәріс оқиды, 2016 жылдан медиадизайн және коммуникация пәндерінің профессоры.

Артқа