Шеберхана #сәрсенбіболашақүшін

#сәрсенбіболашақүшін © Goethe-Institut Kasachstan

Ср, 25.08.2021

14.00 - 16.00

Almaty

Upcycling деген не? Соңғы жылдары осы ұғым қайта өңдеу мен тұрақтылық жайлы жиі айтылатын болып жүр. Яғни, адамзат қолданыста болған заттарды лақтырып тастамай, оларды қайта өңдеп, ары қарай басқа формада пайдаланатын болды. Солай қоқысқа лақтырылуы тиіс заттардан жаңа әрі қажет зат өндіріледі: мысалы ескі жастықшадан шұлық, тозған джинсы шалбардан сөмке немесе ескі пластинкадан сағат пайда болады. Осылай Upcycling «қоқысқа» айналмақ затқа жаңа дем береді, оның негізгі маңызы – қоршаған ортаны қорғау болмақ!

Аталмыш тақырып сені қызықтыра ма, әрі осы игі іске араласқың келе ме? Ендеше  тамыз айының 11 мен 25 аралығында, сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін  Қазақстандағы Гёте-Институтының кітапханасында (Наурызбай батыр көшесі 31 , 5 қабат) өтетін біздің воркшоптарға жазыл.
Қатысушылар саны шектеулі!
Воркшоптарға тіркелу 6 тамызға дейін: bibliothek-almaty@goethe.de

Артқа