Концерт Маттиас Линдермайр-Трио Орта Азияда

Маттиас Линдермайр – труба 
Филипп Шипек – гитара
Симон Попп – соқпалы аспап


Маттиас Линдермайрдың есімі  Германия джаз саласында соңғы бірнеше жылда танымал болды. Сазгер әрі инструменталистің алғашқы екі альбомы –  Lang Lang (2015) және New Born (2018) –  оның өнердегі өзіне ғана тән бірегейлігін көрсетеді. Аталмыш екі альбом үшін Линдермайр Бавариялық мәдениетті қолдау жүлдесімен және Мюнхен қаласының музыкаға қолдау көрсету жүлдесімен марапатталған.

Гитарист Филипп Шипек және соқпалы аспапшы Симон Поппен біріккен триода  Маттиас Линдермайр көрермен қауымға өз әуенінің өзегін – айқын әрі тосын асаулықты  сыйлайды. Линдермайрдың сазды ырғағын біресе гитараның арпеджиосы өрнектесе, келесі сәтте соқпалы аспап пен трубаның үні қатарласа еркіндікке шарықтайды.

Үш музыкант өздері тәнті еткен кеңістікті іштей түйсініп, әрқайсысы өзі үшін және сондай-ақ өзара бірге әр аспаптың болмысын зерттейді. Линдермайр өз аспабында ойнағанда, көрерменнің құлағына трубадан басқа үннің бәрі жетеді – онда бұрқыл да, сыртыл да, сыбдыр да, шиқыл да бар. Ал Шипек пен Попп оған қарама-қарсы әуенді тудырады: дабыл тарсылдап, гитара баяу битті жеткізеді. Трионың өзгеріске бейім қасиеті дыбыс спектріне қуат беріп қана қоймай, әдемі үйлесімділікпен байланыста ұнамды әуендік құрылым түзеді.

Линдермайр жоғарыда аталған асаулықпен және әр жолы шешілу, ашылу сезімімен келетін үлкен ишарадан сескенбейді. Оның өткен жылы жазған жаңа туындылары кеңдік пен қалыңдықтан, жақындық пен қашықтықтан нәр алады; бұл дихотомияны пандемияға тәуелді болған жыл тудырған еді. Филипп Шипек пен Симон Поппен біріккен триода Линдермайр көрерменді әрі шиеленісті, әрі жайлы естілетін әуен әлеміне қарай жетелейді. 
    
Маттиас Линдермайр-Триосының
Орта Азиядағы – Қазақстанда және Қырғызстанда – концерттері 2021 жылдың 25 - 31 қазаны аралығында өтеді.  

Концерттер жоспары:

25.10  20:30  Нұр-Сұлтан, The Bus music-pub,  Қорғалжын тасжолы 3
                      Smart бизнес-орталығы
26.10  19:30  Шалқыма концерт залы, Костенко көш. 7, Қарағанды
28.10  19:30  Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры,
                      Алматы (Халықаралық Джаз фестивалінің аясында)
31.10  17:00  Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясы
                      кіші зал, Чүй даңғ. 253, Бишкек
 

Артқа