Пікір алысу Прогресс және жаттану

Біздің Қазақ-Неміс университетімен (КНУ) бірлесе өткізетін Қоршаған ортаны қорғау және тұрақтылық тақырыбының әртүрлі қырларына арналған tomorrow was too late // #heute #бүгін #сегодня іс-шаралар топтамасы жалғасын табуда.
Екінші кездесуде біз «Прогресс және жаттану» тақырыбын талқылағымыз келеді.

Қоғам дамуда Прогресс туралы жиі айтылады. Бірақ прогресс деген не өзі? Ол бізді бақытты(рақ) ете ала ма? Кез келген қоғами дамудың мақсаты «Баршаға бақыт сыйлау» емес пе еді? Біз оған ықпал ете аламыз ба? Әлде бұл «жүйенің» күштілігі сонша, біз оның алдында әлсізбіз бе?
Біздің адами қасиеттен айырылып қалмау үшін әрқайсысымыз жеке-жеке не істей алатынымыз жөнінде сөйлескіміз келеді. Біз өз тегімізден жаттанып кетпес үшін не істей аламыз? Қоғам қалайша қайтадан қауымдастық бола алады? Біз бақытымызды қалай таба аламыз ...


Кездесуде Дагмар Шрайбер ханым жетекшілік етеді. Ол 1980-жылдары Ленинград пен Мәскеуде философияны оқыған, содан кейін әлеуметтану, туризм және қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет етті, ал 1994 жылдан бері Қазақстанда да жұмыс істейді.

Кездесу барысы
14:00 – Амандасу жосыны (ҚГИ, ҚНУ)
14:15 – 15:00 – «Прогресс және жаттану» интерактивті көрсетілімі 
              пікірсайысқа ұласады 
15:00 – 15:15 – Кофе-брейк
15:15 – 16:00 – Пікірсайыстың жалғасы
16:00 – 16:30 – «Санаға серпін» / «Прогресс және жаттану» тақырыбына
                           қатысты ойларды талқылап дамыту. Топта жұмыс жасау
16:30 – 17:00 – Тың ойлармен таныстыру

21.10.2021 дейін тіркелуге болады: Gulmira.Shandybajewa@goethe.de

Артқа