Gisela Zeindlinger, Pawlodar

ГИЗЕЛА ЦАЙНДЛИНГЕР, ПАВЛОДАР

Тоғыз ай Павлодарда

„Қазақстан ба? Ол тым алыс қой. Ал адамдары ше … олар мүлдем басқаша емес пе, жоқ әлде?“ Мен алғашқыда өз үй-ішіме, достарым мен таныстарыма тоғыз ай бойы Қазақстанда болатынымды айтқан кезде  олардың көбі таңданған еді.  Кейбіреуі мені есі шыққан деп, кейбіреуі батыл деп бағалады, ал енді біреулері онда өте көп қызықты басымнан кешіретініме сенді. Олардың көбінің Қазақстан туралы білетіні тым аз еді, олардың ішінде өзім де болдым. 

Мен басқа елдер мен олардың мәдениеті туралы ештеңе білмеу өкінішке орай үнемі қорқыныш туғызатынын  байқадым, сондықтан біз айналамызда ескі таныстарымыз болғанын жақсы көреміз. Менің осы уақытқа дейін қорқынышымнан басқа мәдениетке деген қызығушылығым үнемі  басым болды да саяхатқа деген құмарым артты.  Басқа тілдерді үйренуден алған қуанышым мен әсерім мені басқа елдерге жол тартуға бастайтын.

Мен жаңа таныстарыммен тілдік (мыс. орысша неге вешать лапшу на уши, ал немісше  Bären aufbinden?) және мәдени ерекшеліктерді (ұзақ сапарда қанша шақырымды артқа тастайды?) салыстырып, осындай ерекшеліктерге қарамастан бір-бірімен жақсы түсінісуге болатынын байқауды жақсы көремін.

Мен Австрияда туылғанмын және өмірімнің көп уақытын сол жерде өткіздім. Австриядан басқа мен осы кезге дейін негізінен тек Еуропадағы елдерді білуші едім. Өйткені ол жаққа  сапар шектім және ұзақ уақыт болдым. Оқушы кезімде мен бір тоқсан  Колуин-Бей  (Ұлыбританияда ) болдым, аттестат алғаннан кейін тоғыз ай  Быдгощ (Польшада) мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықта ерікті ретінде қызмет еттім.

Ерікті ретінде қызметімнен кейін мен  тіл мен мәдениетпен көбірек оқып -танысуға бел будым да  Грац қаласында (Австрия) Graz „Мәдениаралық коммуникация“  (орыс тілі мен австриялық  сурдо тіл ) оқи бастадым.  Бакалаврлық оқу кезінде мен бір семестр шетелде болу үшін Ресейдегі Владимир қаласына бардым. Магистрлық   „Ауызша және жазбаша аударма“ оқуымды тамамдағаннан кейін мен енді әлемнің басқа елдерін де көретін кез келді деп шештім. Міне сондықтан мен осында келдім!
Мен тоғыз ай бойы Павлодарда боламын, қазірден бастап тағатсызданудамын және осы қаланы, Қазақстан елі мен оның халқымен танысатыныма қуанудамын. Сонымен  бірге тағы көптеген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды да табатыныма сенемін.

Meнің осы елде басымнан кешкенім және алған әсерім тек менің жеке басымның дамуына өз үлесін қосар, сонымен бірге осы уақыт ішінде мен басқаларға да ақпарат бере алармын деген ойдамын.
Павлодарлықтарға мен неміс тілі мен мәдениеті туралы мағлұмат бергім келеді,  ал Австрияға қайтқан кезде мен жерлестеріме  Қазақстан туралы ақпараттарды жеткізгім келеді.
Осындай ақпараттар арқылы мен адамдардың белгісіздіктен қорқынышынан арылуына және тың жаңалықтарға деген қызығушылықтарын оятқым келеді.