Баннер Flora incognita © Benedikt Strake, Мюнхен

Flora Incognita

Серуендеңіз, гүлдер, шөптер мен ағаштар туралы көп жаңа нәрселер біліңіз және де бір мезгілді ғылыми жобаның бөлігне айналыңыз. Flora Incognita тегін қосымшасы мыңдаған өсімдіктерді жылдам және оңай айырып таниды.

Бұл Макс Планк Қоғамының Йенадағы Биогеохимия институты мен Ильменау Техникалық университеті  ғалымдарының бірлескен әзірлемесі. Алдымен алгоритм өсімдіктердің бірнеше миллион суреттерінде жаттығады.  2018 ж. бастап қосымша онлайн қолжетімді және әр пайдаланумен оқытылады.

Бұл өсімдік улы ма? Ол кең тараған ба немесе сирек кездесе ме? Ол қорғалатын түр болып табылады ма? Қосымша сол жердің өзінде пайдаланушыларға олар білмейтін өсімдіктер туралы көп білім береді. Бұған қоса зерттеушілер өсімдіктердің алуандығы туралы жаңа деректер мен фактілер алады: не ол, не бұл түрлер қашан және қайда гүлдейді? Бір түрдің өсімдіктері қаншалықты қатты ерекшеленеді? Қандай да бір жерде өсімдіктер түрлерінің құрамы қалай өзгереді? Бұл азаматтық ғылыми жобада әр адам биоалуындық пен оның, мысалы, климат өзгеруінее байланысты, өзгеруін зерттеуге көмектесе алады.

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес

GI-Logo MPG Logo