Schlafen zum leben - Bild © Kinga Cichewicz/ Unsplash

Өмір сүру үшін ұйықтау

Ұйқы мидың жұмыс істеуі үшін және бүкіл ағзаның тірі өмір сүруі үшін қажет. Ұйқының көптеген  функциясы бар: ағзада өсу және қалпына келу, уытсыздандыру және жараларды жазылу поцестері орын алады – заттар алмасуы толық жылдамдықпен жұмыс істейді. Және де ми бөлімдері де қазір өте белсенді. Олар ми күні бойы қабылдағанын өңдейді. Маңызды ақпарат қысқа мерзімді жадтан ұзақ мерзімді жадқа жылжытылады.

Әр тіршілік иесінде 24 сағат ішіндегі ұйықтау-сергектенудің қайталанатын циклы бар. Уақыттағы ағыны мен бақылау биологиялық «ішкі сағатқа» байланысты. Ұйөы анық ажыратылатын күйден тұрады: REM-ұйқы (REM қысқ. ағылш. „rapid eye movement“ = «көздің жылдам қозғалуы», жылдам ұйқы фазасы) және REM-емес-ұйқы (баяу ұйқы фазасы). Ғалымдар ұйқының оңтайлы мөлшері адамның өзіне байланысты өзгереді деп санайды – ересектер үшін ол орташа жеті-сегіз сағат құрайды. Ересек адамның ұйқыдағы қажеттілігі бүкіл өмірі бойы өзгеріп отырады.

Ұйқы фазалары
Сау ұйқы кезінде әдетте ұйқының төрт-бес фазасы кезектеседіЖылдам ұйқы фазасы немесе REM-ұйқы көздердің жылдам қозғалуымен сипатталады және көретін қйқыға бай болады. Бұл күй сергектенуден төмен, алайда терең ұйқытан әлдеқайда жоғары. Артериялық қысым және тамыр соғуы едәуір жоғары, бірақ қаіөа бұлшықеттері толығымен босаңсыған.  Баяу ұйқы фазасы немесе  REM-емес-ұйқы ми толқындарының ырғағы мн жылдамдығы бойынша ерекшеленетін бірнеше кезеңге бөлінеді. REM-емес-ұйқының үшінші кезеңі «терең ұйқы» деп аталады. Көбінесе осы фазада өсу гормоны гипофиз деп аталатын питуитар безінен бөлініп шығады..

Schlafphasen © kocmoc Аспан мен жер арасындағы қалғу
Тірі тіршілік иелерінің бәрі ұйықтау тиіс. Алайда ұйқыда деген қажеттілік қатты әртүрлі болады: кейбір жануарлар тәулікте 20 сағат ұйықтайды, ал кейбіреулеріне екі сағат жеткілікті.  Ал өздерінің өмірдерін көбінесе ауада өткізетін құстардың қалдары қалай болады екен?  Немесе аралық тоқтаусыз мыңдаған километр өтетін көшпелі құстарда ше? Олар да ұйықтайды – ұшу кезінде, бұны Макс Планк Қоғамының ғалымдары фрегат құстардың мысалында көрсетті. Бұл үшін құстарға мидың белсенділігін тіркейтін шағын өлшеуіш аспаптарды тағып қойған. Бірақ жаунарлар әуеде күніне 40 минуттан сәл көбірек және, әдетте, бір ретте небәрі бернеше секунд ұйықтайды. Әдеттегідей, мидың тек қана бір жартысы ұйықтайды, екіншісі сергектенеді .Бірақ кейбір кездерде ұшатын фрегат құстар миының екі жартышарлары да бір мезгілді ұйқыға кетеді. Зерттеушілер тіпті  REM-ұйқының қысқа фазаларын өлшеді. REM-ұйқы тек қана сүтқоректілерде және құстарда болады. Сүтқоректілердің бұлшықеттері толығымен демалатын болса, құстар инерция бойынша әлі ұшуы мүмкін.  © Макс Планк Қоғамының Мінез-құлық физиология институты, Констанц / Брайсон Вуарин
Күнді билейтін сағаттар
Көптеген елдерде жазғы және қысқы уақыт бар – жылына екі рет сағатты бір сағатқа жылжытады. Көптеген адамдарға уақыттың осы жылжытылуы қиынға түседі. Бұл біздің денеміздің әр жасушасында белсенді болатын және ген мен ақуыздар желісімен бақыланатын «ішкі сағатқа» байланысты. Олар, бір жақтан, ағзадағы ұйқы мен сергектік, қан қысымы мен дене температурасы сияқты физиологиялық процестер күн тәртібіне тұрақты сәкес болғанын, ал екінші жақтан – қоршаған оратның жаңа жағдайларына бейімделгенің қамын ойлайды. Бұл ретте ең маңызды ынта болып күндізгі жарық табылады. Көздегі арнайы жарық сезгіш жасушалар ақпаратты тікелей гипоталамусқа жібереді. Бірақ гипофиз бен  бүйрекүсті бездері шығаратын кортизол мен адреналин сияқты гормондар да маңызды рөл атқарады.«Ішкі сағат» – бұл күрделі жүйе, оның қырлары әлі күнге дейін зерттелуде, мысалы, Макс Планк Қоғамының Геттингендегі Биофизикалық химия институтында.

Ұйқы кезінде оқыту
Біздің ми көптеген тітіркендіргіштерді өңдеу керек. Ол, жаңа ақпаратты қзық мерзімді жадьа сақтай отырып, ұқсас тәжірибені бірге топтастырып және оны топтар түрінде жалпылап, тәртіпті қамтамасыз етеді. Ол үшін бір нәрсе шешуші мәнді болады.: ұйқының жеткілікті мөлшері. Алты-сегіз айлық сәбилердің миы ұйқы кезінде сөздің мағынасын анықтайды.  Бұны Макс Планк Қоғамының Когнитивтік ғылымдар және ми туралы ғылымдар институтында жүргізілген зерттеулер дәлелдейді: зерттеушілер сәбилерге олар әлі білмейтін бірдеңені көрсетеді. Егер осы заттар пішіні немесе түсі бойынша сіл ерекшеленетін болса, мысалы, жасыл және қызыл шыны-аяқ, оларды бір топқа біріктіреді – және бқл жағдайда екі затты «шыны-аяқ» деп атайды. Оөыту кезеңінде сәбилер жаңа заттарды әлі топтар бойынша үлестіріп, оларды дқрыс атаумен байланыстыра алмайды алмайды. Бұл ұйқыдан кейін өзгереді. Енді ми әртүрлі шыны-аяқтарға «шыны-аяқ» деген ортақ атау тағайындауы мүмкін. Сөйтіп, сәбилержаңа білімді ұйқы кезінде жиынтықтайды. Бұл ересектерге де қатысты. Тереің ұйқы фазалары  нақты білімді бекіту үшін әсіресе маңызды, ал түс көру фазалары әрекеттер мен эмоцияларды қідеу үшін маңызды.
  Lernen im Schlaf © polkadot / Adobe Stock

Ынтымақтастық жөніндегі серіктес

GI-Logo MPG Logo