Bildungs-Pingpong

Banner Bildungs-Pingpong Goethe-Institut

Bildungs-Pingpong

Cен Германияда оқып, білім аламын деп шештің, бірақ неден бастарыңды білмейсің бе? Сен белгілі бір агенттікпен байланысу үшін, интернеттегі толассыз парақшалардан ақпарат іздейсің, алайда, ең жақсысы қазір Германияда білімін шыңдап жүрген студенттерден тәжірибелері жайлы сұрау ең ұтымды шешім емес пе?

Германияда оқып жатқан немесе тағылымдамадан өткен, түрлі елден келген алты студент өздерінің тәжірибелері, кездескен қиындықтары мен жетістіктері, сәтсіздіктері мен жағымды сәттері жайлы онлайн форматта әңгімелеп береді. Әр спикер 10 минут ішінде өзінің әсерлі әрі пайдалы деректерімен бөліседі, содан соң қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бұл жобаны Германия сыртқы істер министрлігі  қаржыландырады.

Біздің спикерлер

Bartlome Iarajuli   Бартломе Иараджули – Менің атым Бартломе, Грузияданмын, жасым 19-да, Дортмундта тұрып жатқаныма бір жыл болды, мен мұнда „Германия университетіне жол“ бағдарламасы арқылы келдім.
Қазір Дортмунд техникалық университетінің экономика факультетінде 3-ші семестрдемін.
Мен салауатты өмір салтына және фитнеске көп көңіл бөлемін.
Германияда бірге оқыған достарым туралы айтып беремін: Иә-сөзінің сиқырлы күші жаңа достыққа жетелейді.


Saida Rustambekova   Саида Рустамбекова – Менің атым Саида, мен 20-жастамын. Мен Мюнхендегі Людвиг-Максимилиан Университетінде неміс тілін шет тілі ретінде 5-ші семестрде оқып жатырмын. Сабақтан басқа мен университетте зерттеу жұмысымен айналысамын және Мюнхендегі украиналық босқындарға неміс тілін үйретемін.
Мені аса қызықтыратын мәселе -ол шет тілін үйрену және оқыту саласындағы зерттеулер.
Менің айтайын дегенім, Германияға келгенде неміс тілі біліміңіздің деңгейі жоғары бола тұрса да тілдік қиындықтар болуы мүмкін. С2 – болса да үнсіз, теория мен тәжірибе, үміт пен ақиқат.

Otakhon Rustambekov   Отахон Рустамбеков -Менің атым Отахон, жасым 21-де. Мен Өзбекстаннан келдім, Лейпцигте 7-ші семестрде медицинаны оқудамын. Бос уақытымда мен волейбол ойнағанды ұнатам және тіл үйренуге өте құштармын. Сонымен қатар мен көптеген  студенттік ұйым мүшесімін, мысалы EMSA (Студент-медиктердің Еуропалық ұйымы ), bvmd AG Austausch (Шетелдегі студент-медиктердің дүниежүзілік алмасуы) тағы басқалар.
Мен студенттік қоғамдастықтардың біздің қоғамға етене араласуымызға қалай көмектесетіні жайлы, сонымен қатар,  әлемді сәл де болса жақсартуға тырысатыны жайлы айтқым келеді.
 

Ainura Nuptybayeva   Айнура Нуптыбаева – Мен Астанадан (Қазақстан) келдім, 21 жастамын. Мен "№ 46 мектеп-гимназияны" бітірдім және мектепте көптеген іс-шараларға белсене қатысып отырдым. 2019 жылы мен DAAD, ZfA мен Гёте-Институт ұйымдастырған Орталық Азиядағы MINT жаздық мектебіне қатысу мүмкіндігін алдым. Бұл тәжірибе менің гуманитарлық пәндерге деген қызығушылығымды арттырды және неміс тілін үйренуге өз әсерін тигізді.
Қазіргі таңда мен Гейдельберг университетінде медицина факультетінде 5-ші семестрда оқимын және қосымша студент-көмекші болып жұмыс жасаудамын.
Бос уақытта мен суда жүзгенді және жанұя мен достармен кездескенді жақсы көремін.
Менің тақырыбым – Алиса емтихан әлемінде: Алисамен бірге “Емтиханға дайындық” атты саяхатқа шығайық.

Elizaveta Spehr   Елизавета Шпеер – Менің атым Лиза Шпеер. Мен педагогикалық факультет студентімін, ақпараттық технология маманымын, математика мен информатика мұғалімімін, блогермін және доберман итім бар. Жасым 25- те.
Менің қызығушылығым білім алу және педагогика. Бұл салаларды көптен бері армандап едім, енді ол  орындалуда.
Мен аса маңызды тақырып қаржы туралы айтқым келеді: Университет калькуляторы және күнделікті  студенттік  математика – пәтер, тамақ, кештер... Студенттік өмір қанша тұрады?
 

Nilufarkhon Pulotova   Нилуфархон Пулотова – Мен-Нилуфархон, қысқаша- Нилу, мен 22 жастамын, Тәжікстаннан, Худжанд қаласынанмын.
Мен Худжандта ПАШ мектебін бітірдім және мектептен соң Германияға келдім. 2019 жылдан бері Ульмда тұрамын. Мұнда мен Ульмдағы клиника жанындағы медициналық мамандықтар Академиясында денсаулық пен медбике ісін кәсіби мамандық түрінде оқып жатырмын.
Мен жоғары білім алып, дәрігер болғым келеді.
Мен өзімнің Тәжікстаннан Германияға дейінгі жолым мен тәжірибем туралы айтқым келеді: Қамқорлық – жол мен мақсат.
 

Біздің желіні бақылап жүріңіз