Logo Goethe-Institut

Қазақстан

Германия университетіне жол. Интенсив курс.
Ақылы бағдарлама

Германияда білім алу- бұл жоғарғы деңгейде білім алу–ал ол Германияда немесе әлемнің басқа елдерінде табысты мансап бастауға ең дұрыс негіз болып табылады.
„Германия университетіне жол. Интенсив курс“ атты ақылы бағдарлама Германия университеттеріне мектеп бітіргеннен кейін бірден қосымша дайындық курстарынсыз және қабылдау емтихандарынсыз тікелей түсуге мүмкіндік береді.

Studienbrücke. Students learn together Photo: Goethe-Institut, Getty Images

Что такое Studienbrücke?

„Германия университетіне жол. Интенсив курс“ атты ақылы бағдарлама математика, информатика, жаратылыс тану және техникалық пәндерден оқу үлгерімі өте  жоғары болатын, неміс тілін  кем дегенде  В2 деңгейінде меңгерген  11- сынып оқушыларына  арналған. Олсонымен қатар  Германия университеттерінің тыныс-тіршілігімен, оқыту және білім алу ерекшеліктерімен, сонымен бірге студенттік өмірмен танысуды қамти.

2015 жылдан бастап Германиядағы серіктес университеттер „Германия университетіне жол“ бағдарламасына арнап белгілі мөлшерде оқуға орындар бөлетін болды. Осы дайындау бағдарламасын табысты аяқтағандар мектер бітіргеннен кейін бірден университетке түсуге өтінім бере алады.

Артықшылықтары

  • Серіктес неміс жоғары оқу орнына тікелей түсу мүмкіндігі
  • Тіл курстары, емтихандар (TestDaF, TestAS), арнайы кәсіби лексика курстары және мәдениетаралық тренинг арқылы кешенді дайындық
  • Бағдарлама бойы Goethe-Institut тарапынан жеке қолдау
  • Іріктеуден сәтті өткен қатысушылар үшін серіктес ЖОО-нан оқу квоталары
  • Жаратылыстану ғылымы, математика, инженерия және экономика (MINT) салалары бойынша қызықты оқу бағдарламалары
  • Серіктес ЖОО-на құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген
  • Германияда оқу басталған кезде серіктес ЖОО тарапынан қолдау

Testimonial

Ситора Сапарбаева «Неміс университетіне жол» бағдарламасының стипендияты. Ол қазір Германияда оқып жатыр. Мұндай жетістіктерге ол қалай қол жеткізді?
Ол өзі айтып береді.

Ситора Сапарбаева Қазақстан Гёте-Институты Қазақстан Гёте-Институты

бағдарлама

„Германия университетіне жол. Интенсив курс“ атты ақылы бағдарламада Германияда білім алуға пәндік тұрғыдан дайындайтын мынадай 4 мoдуль бар, олар:
  1. MINT- пәндерінен (биология, химия, математика, информатика, физика және  техника)
  2. Германияда оқуға дайын болу үшін мәдениаралық коммуникация тренингі
  3. TestDaҒ емтиханына дайындық курсы
  4. TestAS-емтиханына дайындық 
Дайындықтан кейін қатысушылар  TestDaF және  TestAS емтихандарын өздері тапсыруы керек.  Емтихан бағасы бағдарламаға кірмеген.  

Бағдарламаны ойдағыдай аяқтағаннан кейін қатысушы Германия университеттерінің біріне өтінім бере алады (университеттер тізімін қараңыз).

Оқытылатын пәндер

Серіктес университеттер

Бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектерге серіктес ЖОО-ы (Солтүстік Рейн-Вестфалия, Бранденбург және Тюрингия федералдық өңіріндегі) жыл сайын MINT және экономика ғылымдары бағыты бойынша оқу квоталарын бөледі.

«Неміс университетіне көпір» бағдарламасы аясындағы серіктес ЖОО-ның ұсыныстарына жалпы шолуды мына жерден таба аласыз:

Қабылдау шарттары

Өтінім беру тәртібі Германия университетіне жол» бағдарламасына өтінім төмендегі шарттарды орындаған 10- сынып оқушыларынан ( байқау кезінде) қабылданады:
  • 10 сынып аяқталған болу керек (бағдарлама басталған кезде)
  • неміс тілінен білімі кем дегенде В2 деңгейінде: Гёте-Институт сертификаты В2 болуы керек
  • Германияда оқуға деген жоғары ынтасын негіздеме хаты арқылы көрсету, оқушылар олимпиадасына, байқауларға, аймақтық және халықаралық жобаларға қатысқаны туралы құжаттар, т.б.
  • Аттестаттағы бағасы орташадан жоғары болу керек, әсіресе MINT математика, информатика, жаратылыс тану және техникалық пәндерден
  • Ата-анасының немесе қамқоршысының жазбаша рұқсаты

Өтініш

Өтінімдерді қабылдау: 01.09.2025
Өтінімдерді қабылдау аяқталуы: 30.09.2025
Әңгімелесу: 01–07.10.2025 (жеке немесе Zoom арқылы)
Оқудың басталуы: 13.10.2025

Оқыту құны – 500 000 теңге

Жиі қойылатын сұрақтар

Байланыс

DAAD бағдарламасы бойынша оқуға кеңес

DAAD Германиядағы оқу және зерттеу мүмкіндіктері мен шәкіртақылар туралы кеңес береді. Goethe-Institut-нан айырмашылығы, олардың назарында жеке қолдау көрсету, университеттер арасындағы серіктестік және DAAD шәкіртақыларына өтініш беру бар.

Серіктес жоғары оқу орындары мен серіктестер

  • Logo Universitätsallianz Ruhr
  • Logo Europa-Universität Viadrina
  • Logo RWTH
  • Logo Uni Bonn
  • Logo Uni Siegen
  • Logo Bauhaus-Universität Weimar
  • Logo DAAD

Қолдау көрсеткен

Біздің желіні бақылап жүріңіз