Адам өзінің қоршаған ортасын өзгертеді. Адам өзінің қоршаған ортасын өзгертеді. Бүгін ол бүкіл жер жүйесі үшін – климаттың өзгеруінен биоалуантүрлілікке дейін анықтаушы фактор болып табылады. Бірақ «адам дәуірі», антропоцен (ежелгі грекше ánthropos – адам) туралы айту үшін бұл жеткілікті ме?
«Голоцен туралы айту жеткілікті, біз көптен бері антропоценде өмір сүреміз». Дәл осылай атмосфералық химик Пауль Крутцен 2000 жылы бір конференцияны үзген болатын. Сонда Нобель сыйлығының лауреатын және озон тесігін тұнғыш ашушысын шынымен не алаңдатты екен?
Голоцен деп Жер тарихындағы дәуірді атайды, ол соңғы суық кезең аяқталуымен 11 700 жыл бұрын басталған. Осы кезеңдегі климат ерекше тұрақты. Көптеген ғалымдар бұны адами мәдениеттердің дамуына арналған маңызды жағдай деп санайды. Бірақ бұл аяқталған сияқты: индустриаландыру басталғаннан бері жаһандық температура айтарлықтай жоғарлап келеді. Ғалымдардың көбі бұның себебі адам қызметінде деп сенімді, қарқынды ауыл шаруашылығын, өсіп келе жатқан әлемдік экономиканы және көліктің жоғарлап келе жатқан санын қоса алғанда.
Ұлы үдеу
Міне мыңдаған жылдар бойы адамдар өзінің жергілікті қоршаған ортасына араласып келеді. Шамамен 1800 жылдан бері өнеркәсіптік төңкеріс басталуынан қазба отынды жаппай пайдалану басталған. Бірақ тек қана 1950-ші жылдардан бастап адамның әсері бүкіл әлемде, бұрынғымен салыстырғанда, әлдеқайда жылдам дами бастады. Сондықтан антропоцен зерттеушілерінің көбі «адам ғасырының» басталуын 20-ғасырдың ортасында көреді: планета халықы энергияның қазба көздері жоғарлағандай жылдам өсіп келеді. Ал сонымен бірге CO2 жылыжай газдың (көмірқышқыл газдың) атмосферадағы
мөлшері де. Бұл даму «Ұлы үдеу» деген атауға ие болды.
«Ұлу үдеу» туралы қосымша ақпаратты Саяси білім берудің федералдық орталығының (BpB) «Антропоцен» интерактивті құжаттамасынан табуға болады.
Ал Сіз бұны білдіңіз бе?
Мыңнан 1 | Банандар
pixabay.com
Банандардың іөптеген әртүрлі сұрыптары бар, бірақ олардың бәрі жеуге жарамды емес. Жалпы алғанда, егіп өсірілетін бананадардың 1000-нан астам будандастырулары және сұрыптары бар. Алайда Еуропа мен АҚШ дүкендерінде тек қана жалғыз, белгілі бір сұрыпты табуға болады – «Кавендиш». Бұл бананның дәмі өте жұмсақ. Оны жасыл күйінде жинайды, сондықтан оны тасымалдау оңай – ал бұл сауда үшін өте пайдалы.
Германия мен Еуропада құстардың саны азайып келеді. Ауыл шаруашылық ланшафттарында мекендейтін құстардың түрлері ерекше қауіпке ұшырайды. Еуропалық Одақтың ауыл шаруашылық аудандарында көбеюші жұптардың саны 1980-ден 2010 жылға дейінгі кезеңде 300 миллионға қысқарды
80 пайыз | Мобилді телефондардың сынығы
Шамамен 200 миллион ескі мобилді телефон пайдаланылмайтын күйде неміс отбасыларында жатыр. Олардың әрқайсысының құрамында шын мәнінде іссіз жатуға тым жақсы болатын шамамен 60 әртүрлі заттек бар: мыс, алюминий мен алтын, кобальт және вольфрам сияқты сирек кезесетін металдар және шамамен 17 техникалық маңызды "сирекжер элемент". Ескі телефондар құрамбөліктерінің шамамен 80 пайызы қайталап пайдаланылуы мүмкін.
35 пайыз | Микропластик
Фосфорсыз ештеңе өмір сүре алмайды – не адамдар, не жануарлар, не өсімдіктер. Сндықтан ауыл шаруашылыңында фосфорлы нығайтқыштар аса маңызда. Ағымдағы бағалар бойынша, әлемдік қорлар кем дегенде 300 жылға жетеді. Бүгіннің өзінде біз осы шектеулі ресурсты қалай пайдалану қажет екендігі туралы ойлануымыз керек.
300 лет | Фосфорлы нығайтқыш
Фосфорсыз ештеңе өмір сүре алмайды – не адамдар, не жануарлар, не өсімдіктер. Сндықтан ауыл шаруашылыңында фосфорлы нығайтқыштар аса маңызда. Ағымдағы бағалар бойынша, әлемдік қорлар кем дегенде 300 жылға жетеді. Бүгіннің өзінде біз осы шектеулі ресурсты қалай пайдалану қажет екендігі туралы ойлануымыз керек.
0,04 пайыз | CO2
Ауа құрамындағы көмірқышқыл газдың көлемдік үлесі небірі 0,04 пайыз құрайды. Бірақ оның ерекше бір қасиеті бар: ол күннің жерге қарай түсетін қысқа толқынды сәулеленуін өткізеді, бірақ бір мезгілде ұзын толқынды жылулық сәулеленуге ғарышқа кетуге кедергі жасайды. Осылайша жерде күннен күнге жылы болып барады. Сондықтан «жылыжай газы» туралы айтылады. CO2 жалғыз жылыжай газы емес, бірақ ол маңызда.
Ауа құрамы: азот шамамен 78 %, оттегі шамамен 21 %, аргон 0,93 %, көмірқышқыл газ 0,04 %, басқа газдар ізді мөлшерлерде
1,5 градус | Ет
Жаһандық жылуды баяулату үшін біз не істей аламыз? Алдымен ет аз жеу керек. Осыған байланысты климат үшін мал өсіру ең үлкен мәселе болып табылады. Жануарларға көп жем керек, оны нығайтқыштары мен суы бар үлкен аудандарда өсіру қажет. Сондай-ақ: шайнаған кезде сиырлар метан жылыжай газын кекіріп шығарады.